Stihl MSA 120 C-BQ 12 [286/372] Сақтандыру

Stihl MSA 120 C-BQ 12 [286/372] Сақтандыру
0458-716-9721-B
284
қазақ
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
Мотоараның электр қозғалтқышы ұшқын атуы мүмкін.
Ұшқындар жеңіл тұтанатын және жарылу қаупі бар
орталарда өртену және жарылу себебі болуы мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы немесе қайтыс болуы
және оларға материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
Жеңіл тұтанатын және жарылу қаупі бар орталарда
жұмыс істемеу керек.
4.5.2 Аккумулятор
Сақтандыру
Балалар аккумулятордың қауіптілігін түсінбеуі және
оған мән бермеуі мүмкін. Балалар ауыр жарақат алуы
мүмкін.
Балаларды жолатпаңыз.
Аккумулятор қоршаған ортаның әсерінен қорғалмаған.
Егер аккумулятор қоршаған ортаның белгіленген
әсерлеріне ұшыраса, онда аккумулятор тұтануы
немесе жарылуы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
және оларға материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
Аккумуляторды металл заттардан алшақ сақтаңыз.
Аккумуляторды жоғары қысымға ұшыратпаңыз.
Аккумуляторды қысқа толқындардың әсеріне
ұшыратпаңыз.
Аккумуляторды химикаттар мен тұздардан қорғаңыз.
4.5.3 Қуаттағыш
Сақтандыру
Балалар қуаттағыш пен электр тогының қауіптілігін
түсінбеуі және оған мән бермеуі мүмкін. Балалар ауыр
жарақат алуы немесе қайтыс болуы мүмкін.
Балаларды жолатпаңыз.
Қуаттағыш су өткізбейді. Жауын-шашын кезінде
немесе ылғал ортада жұмыс жасау электр тогына
соғылуға әкеліп соғуы мүмкін. Пайдаланушы
айтарлықтай жарақат алуы мүмкін және қуаттағыштың
зақымдалуы мүмкін.
Қуаттағыш қоршаған ортаның әсерінен қорғалмаған.
Егер қуаттағыш қоршаған ортаның белгіленген
әсерлеріне ұшырайтын болса, қуаттағыш тұтануы
немесе жарылуы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
және оларға материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
Қуаттағышты жабық әрі құрғақ орынжайда
қолданыңыз.
Қуаттағышты жеңіл тұтанатын және жарылу қаупі
бар орталарда қолданбау керек.
Қуаттағышты жеңіл тұтанатын бетте
пайдаланбаңыз.
+5°C және + 40°C температурасының аумағында
қуаттағышы орнатыңыз және сақтаңыз.
Адамдар біріктіруші сымға сүрініп кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы, ал қуаттағыш – бұзылуы
мүмкін.
Біріктіруші сымды еденге тегіс күйде жатқызыңыз.
Аккумуляторды қызудан және оттан
қорғаңыз.
Аккумуляторды отқа тастамаңыз.
10°C және + 50°C температурасының
аумағында аккумуляторды орнатыңыз
және сақтаңыз.
Аккумуляторды жаңбырдың, ылғалдың
әсерінен қорғаңыз және сұйықтыққа
батырмаңыз.
Жаңбырлы күні және ылғалды ортада
жұмыс істемеңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать