Stihl MSA 120 C-BQ 12 [325/372] Аккумулятор аспабын қолдану және пайдалану

Stihl MSA 120 C-BQ 12 [325/372] Аккумулятор аспабын қолдану және пайдалану
0458-716-9721-B
323
қазақ
26 Электр аспаптарына арналған жалпы қауіпсіздік техникасы ережелері
26.6 Аккумулятор аспабын қолдану және
пайдалану
a)Аккумуляторларды тек қана өндірушімен ұсынылған
қуаттау құралдарының көмегімен қуаттаңыз.
Аккумуляторлардың белгілі түрлеріне арналған
қуаттау құрылғысын басқа аккумуляторлармен
қолданған жағдайда өртену қаупі туындайды.
b)Тек электр құрал-саймандарына қоса берілетін
аккумуляторларды қолданыңыз. Басқа
аккумуляторларды қолдану жарақаттар мен өртенуге
әкеп соғуы мүмкін.
c) Қолданылмайтын аккумуляторларды түйіспелердің
қысқаша тұйықталуын тудыруы мүмкін кеңсе
түйреуіштерінен, монеталардан, кілттерден,
бұрандамалар мен басқа ұсақ металл заттардан
алшақ жерде сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің
қысқаша тұйықталуы күйіктерге немесе өртенуге әкеп
соғуы мүмкін.
d)Дұрыс емес қолдану кезінде аккумулятордың ішінен
сұйықтық төгілуі мүмкін. Онымен жанасудан алшақ
болыңыз. Кездейсоқ жанасу кезінде сумен шайыңыз.
Егер сұйықтық көзге тиетін болса медициналық
көмекке жүгініңіз. Шығыс аккумуляторлық қышқыл
терінің тітіркенуін немесе күйіктерді тудыруы мүмкін.
e)Зақымдалған немесе түрлендірілген аккумуляторды
қолдану. Зақымдалған немесе түрлендірілген
аккумуляторлар өздерін ешкім болжай алмайтындай
ұстауы және өртенуге, жарылысқа немесе жарақатқа
әкеп соғуы мүмкін.
f) Аккумуляторды оттың немесе жоғары
температуралардың әсеріне ұшыратпаңыз. Өрт
немесе 130°C (265°F) жоғары температура жарылысқа
әкеп оғуы мүмкін.
g)Қуаттау жөніндегі нұсқаулықтарды ұстаныңыз және
қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген шамадан
тыс температура кезінде аккумуляторды немесе
аккумулятор құрылғысын қуаттамаңыз. Дұрыс емес
қолдану немесе рұқсат етілетін температура
диапазонынан тыс сақтау аккумулятордың бұзылуына
және өртенудің туындау қаупінің өсуіне әкеп соғуы
мүмкін.
26.7 Қызмет көрсету
a)Тек қана түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді қолдана
отырып, электр аспабын білікті маманға жөндеуге
беріңіз. Осының арқасында, электр аспабының жұмыс
сенімділігі сақталады.
b)Зақымдалған аккумуляторларды жөндеу
талпыныстарын жасамаңыз. Аккумуляторларға
барлық қызмет көрсету тек жасап шығарушымен
немесе авторластырылған сервистік орталықтармен
жүргізілуі тиіс.
26.8 Шынжырлы арамен кескен кездегі қауіпсіздік
техникасы ережелері
Ара жұмыс істеп тұрған кезде, дененің барлық
бөліктерін ара шынжырынан алшақ қашықтықта
ұстаңыз. Араны іске қосудың алдында, ара шынжыры
еш нәрсеге тимейтіндігіне көз жеткізіңіз. Шынжырлы
арамен жұмыс істеген кезде бір сәтке мұқиятсыз
болған жағдайда, ара шынжыры киімді немесе дене
бөліктерін іліп кете алады.
Шынжырлы араны әрөашан оң қолыңызбен артқы
тұтқадан ұстаңыз, сол қолыңызбен алдыңғы тұтқадан
ұстаңыз. Шынжырлы араны төңкерілген жұмыс күйінде
ұстаған кезде, жарақат алу қаупі жоғарылайды, сол
себепті араны осылай ұстауға тыйым салынады.
Құрал-саймандарды тек оқшауланған тұтқасынан
ұстауға болады, себебі ара шынжырына жасырын сым
тиюі мүмкін. Кернеу өткізетін сымға жанасатын ара
шынжырлары металл электр құрал-саймандарын
кернеуде ұстайды және қолданушыны электр тоғы
соғуы мүмкін.
Қорғаныш көзілдірігін және есту мүшелерін қорғау
құралдарын кию керек. Басты, қолды, аяқты және
табанды қорғауға арналған қосымша қорғаныш
құралдарын қолдануға ұсыныс беріледі. Сай келетін
қорғаныш киімі, ұшып кететін жоңқадан немесе ара
шынжырының абайсызда тиіп кетуінен жарақат алу
қаупін төмендетеді.

Содержание

Похожие устройства

Скачать