Stihl MSA 120 C-BQ 12 [323/372] Жұмыс орнындағы қауіпсіздік

Stihl MSA 120 C-BQ 12 [323/372] Жұмыс орнындағы қауіпсіздік
0458-716-9721-B
321
қазақ
26 Электр аспаптарына арналған жалпы қауіпсіздік техникасы ережелері
соғуы, өрт шығуы және/немесе ауыр жарақат келтірілуі
мүмкін. Қауіпсіздік техникасы ережелерінің барлығын
келесіде қолдану үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік техникасы ережелерінде қолданылатын
"Электр құрал-саймандары" ұғымы, желіден қуат алатын
электр аспаптарына (электр желісінің кабелімен) немесе
аккумулятордан қуат алатын электр аспаптарына
(желілік кабельсіз) қатысты болып келеді.
26.2 Жұмыс орнындағы қауіпсіздік
a)Өз жүмыс орныңызды таза күйде ұстаңыз және жақсы
дәрежеде жарықтандырыңыз. Тәртіпсіздік немесе
жарықтандырылмаған жұмыс аумақтары жазатайым
оқиғаның себепшісі болуы мүмкін.
b)Жанғыш сұйықтықтары, газдары немесе шаңы бар
жарылысқа қауіпті ортада электр аспабымен жұмыс
істемеңіз. Электр асаптарынан ұшқын шығады, ал
ұшқын шаңды немесе буларды тұтата алады.
c) Электр аспабын қолданған уақытта, балалар мен
бөгде адамдар жабдықтың жанына жақындамауға тиіс.
Назарды басқаға аударған кезде, агрегатты
бақылаудан шығарып алуға болады.
26.3 Электр қауіпсіздігі
a)Электр аспабының штепсель ашасы розеткаға сай
келуге тиіс. Штекерге өзгеріс енгізуге тыйым
салынады. Жайсыздандырылған электр
аспаптарымен бірге ауыспалы штепсельдерді
қолданбаңыз. Өзгертілмеген штекерлер және
сәйкесінше розеткалар, электр тоғының соғу қаупін
төмендетеді.
b)Жайсыздандырылған қабаттарды, мысалы
құбырларды, радиаторларды, плиталарды және
тоңазытқыштарды ұстамаңыз. Денені
жайсыздандырған кезде, электр тоғының соғу қаупі
жоғарылайды.
c) Электр аспабын жаңбырдан және ылғалдың әсерінен
қорғаған жөн. Электр аспабына су кіріп кетсе, электр
тоғының соғу қаупі жоғарылайды.
d)Сымды арналымынан тыс қолдануға, мысалы электр
аспабын тасуға, штекерді ілуге немесе розеткадан
алып шығаруға болмайды. Сымды ыстықтан, майдың,
агрегаттың өткір жиектерінің немесе қозғалмалы
бөлшектерінен тиюінен қорғаңыз. Сым зақымдалған
немесе шатасқан болса, электр тоғының соғу қаупі
жоғарылайды.
e)Электр аспабымен далада жұмыс істеген кезде,
далада жұмыс істеуге жарайтын ұзартқыш сымды ғана
қолданыңыз. Далада жұмыс істеуге жарайтын
ұзартқыш сымды қолданғанда, электр тоғының соғу
қаупі төмендейді.
f) Электр аспабы бәрібір дымқыл жерде қолданылатын
болса, онда дифференциалдық қорғаныштың
автоматтық сөндіргішін қолданған жөн.
Дифференциалдық қорғаныштың автоматтық
сөндіргішін қолданған кезде, электр тоғының соғу қаупі
төмендейді.
26.4 Адамдардың қауіпсіздігі
a)Мұқият болыңыз, жұмыс барысында өз
қимылдарыңызды бақылаңыз және электр аспабын
байыппен қолданыңыз. Шаршасаңыз немесе
есірткінің, алкогольдің немесе дәрі-дәрмектердің
әсерінде болсаңыз, электр аспабын қолданбаңыз.
Электр аспабын мұқиятсыз қолданған кезде, ауыр
жарақат алуыңыз мүмкін.
b)Жеке қорғаныш құралдарын киіңіз және әрдайым
қорғаныш көзілдірігін тағыңыз. Электр аспабының
түріне және қолданылуына байланысты, жеке
қорғаныш құралдарын, мысалы: шаңға қарсы
респираторды, тайғанамайтын қорғаныш аяқ киімін,
қорғаныш дулығасын немесе есту мүшелерін
қорғайтын құралдарды киген кезде, жарақат алу қаупі
төмендейді.
c) Абайсызда қосудан сақтаныңыз. Электр аспабын
қолға алудың, тасудың немесе электр желісіне және/
немесе аккумуляторға қосудың алдында, электр
аспабының сөнгеніне көз жеткізіңіз. Электр аспабын

Содержание

Похожие устройства

Скачать