Bosch AHS 50-20 LI [44/98] Аккумуляторды зарядтау

Bosch AHS 50-20 LI [44/98] Аккумуляторды зарядтау
44 | Қaзақша
1 609 92A 3R3 | (15.12.16) Bosch Power Tools
Аккумуляторды зарядтау
Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау
құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау
құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Ескертпе: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын қамтамасыз
ету үшін пайдалану алдында аккумуляторды зарядтау
құрылғысында толығымен зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Аккумуляторды орнату/шешу (А суретін қараңыз)
Аккумуляторды көрсетілгендей құрылғыға салыңыз.
Аккумулятор сезіліп құлыптануы керек.
Аккумуляторды шығару үшін 5 аккумуляторды босату
түймесін 6 басыңыз және аккумуляторды электр құралдан
артқа шығарыңыз. Тартқан кезде күш салмаңыз.
Араның тілу дискін енгізу/шығарып алу
(В суретін қараңыз)
Араның тілу дискін ауыстырғанда электр құралын
оның қосқыш/өшіргіш аумағында немесе
қосқыш/өшіргіш және қосу оқшауландырылуы
арасында ұстамауыңызға назар аударыңыз.
Қосқыштың/өшіргіштің кездейсоқ түрде қосылып
кетілу арқылы жарақаттану қауібі пайда болуы мүмкін.
Ара дискісін орнату немесе алмастыру кезінде
қорғағыш қолғап киіңіз. Алмалы-салмалы аспаптар
өткір болып ұзақ уақыт пайдаланғанда қызып кетуі
мүмкін.
Шынжырды тартпаңыз және шынжырды
бағыттауыштан тартып алмаңыз!
Толық ара дискісін толық ара дискісіне
алмастырыңыз! Шынжырдың өзін алмастыруға
болмайды.
Ара полотносын таңдау
Тек таза ара дискісін орнатыңыз. SDS ара дискі
патроны жоңқа және үгінділерден таза болуына көз
жеткізіңіз.
Тек өңделетін материалға сайкес келетін ара
полотноларын пайдаланыңыз.
Ара полотносы қажетті кесіктен ұзын болмауы керек.
Ара полотносын алмастыруда теріге тигізбей мінсіз
сақтау қолғабын пайдаланыңыз. Ара полтносы көп
пайдаланғаннан қызуы мүмкін.
Ара полотносын салу (B суретін қараңыз)
10 тұтқышымен SDS ара қыcқышының қаптамасын 9
ашыңыз. Дискіні суретте көрсетілгендей салыңыз. Жетек
білігі мен ара дискісінің ұшы SDS ара дискісінің
қысқышының 12 саңылауына сай екеніне назар
аударыңыз. SDS ара дискісінің қысқышының 9
қаптамасын жабып SDS ара дискісінің қысқышының 10
тұтқышын естіліп тірелгенше тіретіңіз.
Ара дискісінің шынжыры автоматты тартылады.
Егер жынжып сырғыса немесе бағыттауыш блогынан
адыраса, ара дискісі патронының қаптамасын ашып
жабыңыз.
Ара полотносын алу
Бұғаттау тұтқышын 10 ашып SDS ара диіскісі
қысқышының 9 қаптамасын толығымен жоғарыға
қайырыңыз. Ара дискісін шешіңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Аралау дискісі Кесік тереңдігі Тапсырыс нөмірі Материалдар
Nanoblade Wood Basic
50 мм 2 609 256 D83 Ағаш, Пластик (ПВХ, поликарбонат, ПММА)
Nanoblade Wood Speed
50 мм 2 609 256 D84 Ағаш, Пластик (ПВХ, поликарбонат, ПММА)
Nanoblade Hardwood Basic
50 мм 2 609 256 D85 Қатты ағаш, Пластик (ПВХ, поликарбонат,
ПММА)
Nanoblade Wood Speed
65 мм 2 609 256 D86 Ағаш, Пластик (ПВХ, поликарбонат, ПММА)
OBJ_BUCH-3108-001.book Page 44 Thursday, December 15, 2016 12:42 PM

Содержание

Похожие устройства

Скачать