Bosch AHS 50-20 LI [45/98] Пайдалану

Bosch AHS 50-20 LI [45/98] Пайдалану
Қaзақша | 45
Bosch Power Tools 1 609 92A 3R3 | (15.12.16)
Пайдалану
Ара дискісін ешқашан бүкпеңіз!
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Ескертпе: Электр құралыңызға арналмаған
аккумуляторды пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе
электр құралының зақымдануына алып келуі мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды 5 разъемға бекітілгенін және
разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше салыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін алдымен қосу блокадасын 3
оңға немесе солға басыңыз. Сосын қосқыш/өшіргішті 4
басып ұстап тұрыңыз.
Құрылғы қосулы болып тұрғанша қосу бұғатауын 3
жіберуге болады.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті жіберіңіз 4.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Литий-иондық аккумулятор “Electronic Cell Protection
(ECP)” арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Электр құралы автоматты ретте өшкеннен соң
қосқыш/өшіргішті басқа баспаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аралау жылдамдығын басқару
Қосқышты/өшіргішті 4 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралдың аралау жылдамдығын
біртіндеп реттеуге болады.
Талап етілетін аралау жылдамдығын материал мен жұмыс
жасау жағдайына байланысты болып они тәжірибе
арқылы анықтауға болады.
Ара дискісін дайындамаға орнатуда аралау жылдамдығын
төмендету ұсынылады.
Аккумулятор зарядталу күйі индикаторы
Аккумулятор заряды күйінің индикаторы 8
қосқыш/өшіргіш 4 жартылай немесе толық басылғанда
бірнеше секунд аккумулятор зарядының күйін көрсетеді
және екі түсте жанатын жарық диодты қамтиды.
Жұмыс бойынша нұсқаулар
(C F суреттерін қараңыз)
Кіші немесе жұқа дайындамаларды өңдеуде
әрдайым жылжымайтын тіреуішті пайдаланыңыз.
Аралауда кесу бағыты алдынан арқаға (E суретін
қараңыз) немесе жоғарыдан төменге (C суретін
қараңыз) көз жеткізіңіз!
Электр құралды білекте тасымаңыз! Асу таспасы тек
сақтауға арналған.
Оптималды және нақты аралау нәтижесіне жеті үшін қатты
басып аралаңыз. Қосымша қысым қуатты көтереді.
Ара полотносы тұрып қалса электр құралын бірден
өшіріңіз. Араланған аралықты сайкес аспаппен аз
кеңейтіп электр құралын шығарыңыз.
Температураға байланысты артық жүктеу қорғанысы
Тағайындалу бойынша қолдануда электр құралы артық
жүктелмейді. Артқы жүктелуде немесе аккумулятор
температурасы рұқсат етілген аймағын өтсе электр
құралы өшеді. Автоматты өшіруде электр құралын өшіріп,
аккумуляторды суытып сосын электр құралын қайта
қосыңыз.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
(G суретін қараңыз)
Электр құралында барлық жұмыстардан алдын
(мысалы, қызмет көрсету, аспапты алмастыру т.б.)
аккумуляторды электр құралынан шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Аралау дискісі мен ара дискі құралын тек құрғақ
күйде тазалаңыз. Терең жатқан ласты алып тастау
үшін кіші жаққышты пайдаланыңыз.
Ара дискісіне қызмет көрсету керегі жоқ. Ара дискісінің
шынжырын майлау керек емес.
SDS ара дискісінің қысқышын жүйелік ретте
тазалаңыз. Ол үшін ара дискісін электр құралынан
шығарып аз тегіс аймақта қағыңыз.
Электр құралының ластануы ақаулар тудыруы мүмкін. Ол
үшін шаңды материалдарды бас үстінде немесе астында
араламаңыз.
Жарық диоды Қуаты
Үздіксіз жарық жасыл ≥30 %
Үздіксіз жарық қызыл <30 %
Жыпылықтайтын жарық қызыл* 0 %
* Аккумулятор зарядтау күйінің индикаторы да қызыл түсте жанады,
егер аккумулятор қызып немесе артық жүктеліп кетсе.
OBJ_BUCH-3108-001.book Page 45 Thursday, December 15, 2016 12:42 PM

Содержание

Похожие устройства

Скачать