Redmond RMC-M225S [30/36] R4s gateway қосымшасы арқылы аспапты қашықтықтан басқару

Redmond RMC-M225S [30/36] R4s gateway қосымшасы арқылы аспапты қашықтықтан басқару
30
ақылды үй орталығы. SkyCenter қосымшасы немесе гаджеттері сіздің үйіңізде және ұялы
құрылғыңыз бар Ready for Sky сериялы құралдар арасындағы көпір болады.
R4S Gateway қосымшасы арқылы аспапты қашықтықтан басқару
1. «Ready for Sky қосымшасы арқылы құрылғыны қашықтан басқару» бөліміне сәйкес
негізгі басқарушы қосымша (Ready for Sky) арқылы аспапты қашықтықтан аударуды
баптап қойыңыз.
2. R4S Gateway қосымшасын үйде гейтвей ретінде қалдыра алатын смартфонға немесе
планшетке жүктеп алыңыз және орнатыңыз. Онда Android операциялық жүйесі орна-
тылған болуы тиіс, операциялық жүйеге қойылатын минималды талаптар компанияның
www.redmond.company ресми сайтында немесе Google Play қосымшаның сипаттама-
сында көрсетілген. Құралыңыз Интернет желісіне (GSM, Wi-Fi және т.б.), Bluetoothке
қосылу екендігіне көз жеткізіңіз.
3.
R4S Gateway қосымшасына негізгі басқарушы қосымшамен (Ready for Sky) жұмыс
кезінде пайдаланатын аккаунт арқылы кіріңіз.
4.
R4S Gateway қосымшасында экран бойымен саусағыңызбен жоғарыдан төменге жүріңіз
(свайп): SkyCooker RMC-М225S қол жетімді аспаптардың тізімінде пайда болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Тұрақты қосылысты қамтамасыз ету үшін R4S Gateway қосымшасы бар сіздің үй смарт-
фоныңыз немесе планшетіңіз пайдаланатын тұрмыстықаспаптан 15 метр
қашықтықтан алыс болмауы тиіс.
Ready for Sky және R4S Gateway қосымшаларын бір ұялы құрылғысына орнатпаңыз. Бұл
қосымша жұмысының үзілуіне алып келуі мүмкін.
R4S Gateway қосымшасы тек қана Ready for Sky негізгі басқарушы қосымшасымен жұмыс
жасайды.
Гейтвэй-құрылғысына бірнеше ұялы құрылғылар қосыла алады, яғни сол бір аспапты
бірнеше пайдаланушы басқара алады. Сонымен бірге аспап соңғы алынған команданы
орындайтын болады (бір сәтте R4S Gateway қосымшасы тек қана бір аккаунтпен жұмыс
жасай алады). Осыған байланысты негізгі қосымша және R4S Gateway қосымшасы арқылы
аспапты бір уақытта басқару мүмкін емес (аспапты алыс және жақын аймақтан бір уақыт-
та басқаруға болмайды).
Басқару панелін құрсаулау
Қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылғыда басқару панелін құрсаулау функ-
циясы қарастырылған. Ол функция түймелердің кездейсоқ басылып кетуінің алдын алады.
Басқару панелінде кез келген режимде бұғаттауды қосу/өшіру үшін, тек бағдарлама бап-
тауын стартқа дейін және Ready for Sky қосымшасы арқылы мобильдік құрылғыға қосылу-
дан басқа, батырмасын басыңыз және ұстап тұрыңыз. Дисплейде [ ] белгісі жанады.
Тосқауылды сөндіру үшін батырмасын қайта басып, ұстап тұрыңыз, дисплейде ] [
белгісі пайда болады.
Басқару панелінің тосқауылы қосулы болғанда батырмаларды басқан кезде дисплейде
[] белгісі көрсетіледі.
Дыбыс сигналдарын сөндіру
Дыбыстық сигналдарды қосу/сөндіру үшін күту режимінде батырмасын басып, ұстап
тұрыңыз. Оның индикаторы жыпылықтайды.
Дыбыстық сигналдарды қайта қосқан кезде аспап қысқа дыбыстық сигнал береді.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы
Өзіңіз үшін жаңа «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясымен бірге аспаздық шығармашылық
үшін мол мүмкіндіктер ашыңыз! Егер «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы іске қосқанға дейін
бағдарлама жұмысының параметрлерін белгілеуге мүмкіндік берсе, «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ»
функциясын пайдаланып, сіз баптауларды тікелей әзірлеу барысында өзгерте аласыз.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы «ЭКСПРЕСС» бағдарламасын қолдану кезінде қолжетімсіз.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясын қолдану кезінде температураны өзгерту 1 °С қадаммен
35–180 °С диапазонында мүмкін. Әзірлеудің минималды уақыты 1 минут, әзірлеудің
максималды уақыты таңдалынған бағдарламаға байланысты, орнату қадамы 1 минут.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы сіз әр түрлі әзірлеу бағдарламаларының үйлесімін қажет
ететін күрделі рецептілер бойынша тағамды әзірлеген жағдайда айрықша пайдалы
болуы мүмкін.
Әзірлеу температурасын өзгерту үшін
1. Әзірлеу бағдарламасының жұмысы барысында батырмасын басыңыз. Дисплейде
температура шамасының индикаторы жыпылықтай бастайды.
2.
Қалаулы температураны орнатыңыз. Арттыру үшін «+» батырмасын, азайту үшін «—»
батырмасын басыңыз. Жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап тұрыңыз.
Максималды (минималды) шамаға қол жеткізгеннен кейін орнату диапазон басынан
басталады.
3. 5 секунд ішінде басқару тақтасында батырма баспаңыз. Өзгерістер автоматты түрде
сақталады.
Әзірлеу температурасы 150 °С жоғары орнатылған кезде шамадан тыс қызудан қорғау
үшін бағдарлама жұмысының максималды уақыты екі сағатпен шектеледі.
Әзірлеу уақытын өзгерту үшін
1. Әзірлеу бағдарламасының жұмысы барысында батырмасын басыңыз.
2. Қалаулы әзірлеу уақытын орнатыңыз. Сағат шамасын арттыру үшін «+» батырмасын,
азайту үшін — «—» батырмасын басыңыз.
3.
батырмасын қайта басыңыз және «+» және «—» батырмаларының көмегімен минут
шамасын орнатыңыз. Сағаттар мен минуттарды арттыру бір-бірінен тәуелсіз жүреді.

Содержание

Скачать