Beko WSRE 6H636 BBS [58/80] Машинаны пайдалану

Beko WSRE 6H636 BBS [58/80] Машинаны пайдалану
5.4. Негізгі бағдарламалар
Матаның түріне байланысты кір жуудың келесі
негізгі бағдарламаларын пайдаланыңыз.
Мақта
Бағдарлама мақтадан жасалған берік
бұйымдарды жууға арналған (ақжаймалар,
төсек жабдықтары, сүлгілер, суға түсетін
халаттар, іш киімдер және т.б.). Егер жылдам
жуу функциясын белсендіру батырмасы
басылса, бағдарламаның ұзақтығы
айтарлықтай қысқарады, алайда барабанның
қарқынды қозғалысы есебінен тиімді жуу
қамтамасыз етіледі. Егер жылдам жуу
функциясы таңдалмағанболса, өте ластанған
киім-кешектің керемет жуылуы және шайылу
қамтамасыз етіледі.
Синтетика
Бұл бағдарлама синтетикалық бұйымдарды
(жейделер, блузкалар, синтетикалық/мақта-
мата аралас маталар және т.б.) жуу үшін
қолданылады. Бағдарламаның ұзақтығы
айтарлықтай қысқарады, және машина жоғары
тиімділікпен жұмыс істейді. Егер жылдам жуу
функциясы таңдалмағанболса, өте ластанған
киім-кешектің керемет жуылуы және шайылу
қамтамасыз етіледі.
Жүн / Қолмен кір жуу
Жүн немесе нәзік бұйымдарды жуу
үшін қолданыңыздар. Бұйымдарды жуу
температурасын киім-кешектің заттаңбасында
көрсетілген ақпаратқа сәйкес таңдау керек.
Осы бағдарлама арқылыкиім-кешекті
зақымдамау үшін кір жуу өте қамқорлы
орындалады.
5.5. Қосымша бағдарламалар
Кір жуғыш машинада кір жуудың ерекше
түрлеріне арналған қосымша бағдарламалар
қарастырылған.
C
Қосымша бағдарламалар кір жуғыш
машинаның моделіне байланысты әр түрлі
болуы мүмкін.
Мақта Эко (үнемді режим)
Осы бағдарламаның көмегімен мақта мен зығырдан
жасалған орташа ластанған мықты маталарды жууға
болады. Кір жуу басқа бағдарламаларға қарағанда
ұзағыраққа созылады,
алайда электр энергиясы мен суды едәуір үнемдеу
қамтамасыз етіледі. Судың нақты температурасы
көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін. Киім-кешектің
аз көлемін машинаға (мысалы, барабан көлемінің
жартысын немесе одан аз) ж8ктеген кезде
бағдарлама кезеңдерін орындау уақыты автоматты
түрде қысқартылуы мүмкін. Осылайша, энергия мен
суды тұтыну азаяды және жуу үнемді болады.
Аллергияға қарсы (буды қолдану)
Бағдарлама басында бумен өңдеу сатысын орындау
ластануды оңай жұмсартуға мүмкіндік береді.
Осы бағдарламаның көмегімен киім-кешекті (балалар
киімдерін, көрпе тыстарын, төсек жабдықтарын
және іш киімдерді және т. б.) жуыңыз, оған жоғары
температура мен ұзақ қарқынды циклдар жағдайында
аллергияға қарсы және гигиеналық жуу қажет.
Гигиенаның жоғары дәрежесіне бағдарламаны
орындау алдында буды қолдану арқылы, ұзақ уақыт
қыздыру және шаюдың қосымша кезеңін қолдану
арқылы қол жеткізіледі.
* Бағдарлама 60 °С температурада аллергияға
қарсы күрес жөніндегі Британдық қормен
(Allergy UK) сыналды және аллергендермен,
бактериялармен және зеңмен күресте тиімді ретінде
сертификатталған.
Қамқорлы
Бағдарлама мақта/синтетика немесе трикотаж
қоспасынан жасалған тоқылған бұйымдар сияқты
нәзік киімдерді жууға арналған. Бұл бағдарлама кір
жуудың нәзігірек режимін қамтамасыз етеді. 20 градус
температурада немесе суық жуу функциясын таңдау
арқылы өңіп кетуі мүмкін бұйымдарды жуыңыз.
Экспресс
Бұл бағдарламаны аз ғана ластанған және дақтары
жоқ мақтадан жасалған бұйымдарды жуу үшін
қысқартылған циклмен пайдаланыңыз. Жылдам
жуу функциясы таңдалғанда, бұл бағдарламаның
ұзақтығын 14 минутқа дейін қысқартуға болады.
Жылдам жуу функциясын таңдағанда максималды 2
(екі) кг кір жууға болады.
Қара заттар / Джинсылар
Бұл бағдарламаны қара киімнің немесе
джинсылардың түсін сақтау үшін пайдаланыңыз.
Осы бағдарламаның көмегімен барабанның арнайы
қозғалысы есебінен төмен температурада да жоғары
тиімді жуу қамтамасыз етіледі. Қара киім-кешекті жуу
үшін сұйық жуу құралдарын немесе жүнге арналған
құралдарды пайдалану ұсынылады. Құрамында жүні
бар нәзік заттарды жууға болмайды.
Машинаны пайдалану
Микс 40
Сұрыптаусыз мақта және синтетикалық маталардан
жасалған бұйымдарды бірге жуу үшін қолданылады.
Жейделер
Бұл бағдарлама мақтадан, синтетикалық және
аралас маталардан жасалған жейделерді бір мезгілде
жууға арналған. Ол қатпарлардың санын азайтады.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін қатпарлар санын
азайту үшін барабан мен будың арнайы айналу
режимі қолданылады, соның арқасында жейделердегі
қатпарлар саны азаяды.
* Алдын ала өңдеу химиялық затын тікелей киімге
жағу немесе машина жуу құралына арналған науадан
суды ала бастаған кезде оны жуу құралына қосу
ұсынылады. Осылайша сіз аз уақыт жұмсап, әдеттегі
кір жуу сияқты тиімділікке қол жеткізе аласыз. Сіздің
көйлектеріңіздің беріктігі артады.
Спорт / Мембрана
Бұл бағдарлама мақта мен синтетикалық қоспадан
тұратын, сондай-ақ мембраналық су өткізбейтін
материалдардан және т. б. спорттық және сыртқы
киімдерді жууға арналған. Ол арнайы айналмалы
қозғалыстардың арқасында сіздің киіміңізді нәзік
жуылуын қамтамасыз етеді.
Дақтарды жою
Бұл кір жуғыш машинада түрлі дақтарды тиімді
жоюға мүмкіндік беретін дақтарды өңдеудің арнайы
бағдарламасы қарастырылған. Бұл бағдарламаны
тек бояуы берік тозуға төзімді мақта киім-кешектері
үшін қолданыңыз. Бұл бағдарламаны нәзік және
боялатын бұйымдарды жууға қолданбаңыз. Кір
жуар алдында бұйымдардың заттаңбалары туралы
ақпаратпен танысыңыз (жоғары температурада ұзақ
жууға жарамды мақта мата жейделер, шалбарлар,
шолақ шалбарлар, футболкалар, балалар киімдері,
пижамалар, алжапқыштар, дастарқандар, төсек-
58 / KZ Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
Машинаны пайдалану

Содержание

Похожие устройства

Скачать