Beko WSRE 6H636 BBS [62/80] Машинаны пайдалану

Beko WSRE 6H636 BBS [62/80] Машинаны пайдалану
5.10.1 3 секунд бойы
батырмаларды басу және ұстап
тұру арқылы таңдалынатын
функциялар/бағдарламалар
Барабанды тазарту
Бағдарламаны таңдау үшін 1 қосымша функция
батырмасын 3 секунд бойы басып тұрыңыз.
Барабанды тазалауға және дезинфекциялауға
арналған. Бұл бағдарламаны әрбір 1-2 ай
сайын қолдану керек. Жуу құралдарының
қалдықтарын жұмсарту үшін бағдарламаны
орындау алдында бу қолданылады.
Бағдарламаны машина толығымен бос болған
кезде іске қосқан жөн. Жақсы нәтиже алу үшін
кір жуғыш машиналарға арналған қақ кетіретін
құралды № «2» жуу құралына арналған
бөлімшеге салыңыз. Бағдарлама аяқталғаннан
кейін, машинаның ішін кептіру үшін жүктеу
люгінің есігін ашық қалдырыңыз.
C
Бұл бағдарлама киім-кешек жууға
арналмаған. Оны кір жуғыш машинаны
күту үшін ғана пайдалану керек.
Машинада қандай да бір заттар
бар болса, бұл бағдарламаны іске
қоспаңыз. Бұл жағдайда машина
барабанның жүктелгенін анықтайды және
бағдарламаны орындауды тоқтатады.
Есікті бұғаттау
Машина жұмысына араласуын болдырмау
үшін балалардан бұғаттау функциясын
пайдаланыңыз. Бұл арқылы сіз орындалатын
бағдарламаның өзгеруіне жол бермейсіз.
Машинаны пайдалану
62 / KZ Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
5.10 Қосымша функция таңдау
Бағдарламаны іске қосар алдында қажетті қосымша
функцияларды таңдау керек. Сонымен қатар,
машина жұмыс істеп тұрған кезде, «Старт/ Кідіріс»
бағдарламасын баспай, орындалатын бағдарламамен
үйлесімді қосымша функцияларды таңдай аласыз
немесе алып тастай аласыз. Бұл үшін машина сіз
таңдағыңыз немесе жойғыңыз келген қосымша
функцияның алдындағы кезеңде болуы керек.
Егер қосымша функцияны таңдау немесе жою мүмкін
болмаса, тиісті функцияның индикаторы 3 мәрте
жыпылықтау түрінде ескерту береді.
C
Машина іске қосылғанға дейін бірінші
таңдалған функциямен үйлеспейтін
функция таңдалса, соңғы таңдалған
функция іске қосылады, ал алдыңғы
функция жойылады.
Егер қосымша функция бағдарламамен
сәйкес келмесе, оны таңдау мүмкін емес.
(«Бағдарламаны таңдау және энергия
тұтыну кестесін» қараңыз.)
Қосымша бағдарламаларды таңдау
батырмалары кір жуғыш машинаның
моделіне байланысты әр түрлі болуы
мүмкін.
Жібіту
Тек қатты ластанған киім-кешек үшін қажет. Электр
энергиясын, суды, жуу құралдарын және қажетті
болмаса уақытты үнемдеу үшін жібітуді пайдаланбаңыз.
Егер бұл функция таңдалса, судың аз мөлшерімен
киім-кешекті қарқынды жуу жүзеге асырылады, ал
осы кезеңнің соңында кір жуу циклы суды қосымша
құйғаннан кейін жалғасады. Осылайша дақтарды
жылдам жою қамтамасыз етіледі.
C
Перделер мен тюль гардиндері үшін
алдын ала жуу құралынсыз жуу
ұсынылады.
Жылдам кір жуу
Бұл функцияны таңдаған кезде тиісті
бағдарламаның ұзақтығы 50 % - ға қысқарады.
Кір жуудың оңтайланған кезеңдерінің, жоғары
механикалық белсенділігінің және суды оңтайлы
тұтынудың арқасында қысқа уақыт ішінде тиімді кір
жууға қол жеткізіледі.
C
Осы қосымша функцияны таңдаған кезде
бағдарлама кестесінде көрсетілген киім-
кешектің максималды санының жартысын
машинаға жүктеу керек.
Бу
Бұл бағдарлама дақсыз мақта-мата, синтетикалық
немесе аралас киім-кешектің шағын көлемін жүктеу
кезінде қатпарлар санын және үтіктеу уақытын
қысқарту үшін қолданылады.
Қашықтықтан басқару
Бұл қосымша функция батырмасы машина
мен зияткерлік құрылғылар арасында
байланыс орнату үшін пайдаланылады. Толық
ақпарат алу үшін «HomeWhiz функциясы
және қашықтықтан басқару» бөлімін қараңыз.
Жеке бағдарлама
Бұл қосымша функция тек HomeWhiz
қосымшаларымен бірге «Мақта» және
«Синтетика» бағдарламаларына ғана арналған.
Осы қосымша функцияны қосқаннан кейін,
бағдарламаға қосымша шаюдың төрт кезеңін
қоса аласыз. Сіз машинада кейбір қосымша
функциялардың болмауына қарамастан, сіз
оларды таңдап, және пайдалана аласыз. Сіз
қауіпсіз ауқымда «Мақта» және «Синтетика»
бағдарламаларының уақытын арттыра және
азайта аласыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать