Beko WSRE 6H636 BBS [67/80] Машинаны пайдалану

Beko WSRE 6H636 BBS [67/80] Машинаны пайдалану
.
.
C
.
A
.
C
.
Машинаны пайдалану
67 / KZ Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
5.20 HomeWhiz баптаулары
Қосымшаны іске қосу үшін машинаңыз бен
HomeWhiz қосымшасы арасында байланыс
орнату қажет.
Машинаны бірінші рет қосқан кезде
HomeWhiz қосымшасында «Құрылғыны қосу/
жою» батырмасын түртіңіз.
Баптауды бастамас бұрын, машинаның
өшірілгеніне көз жеткізіңіз. Машинаны
HomeWhiz баптау режиміне ауыстыру үшін, бірде
температура батырмасын және қашықтықтан
басқару функциясы батырмасын басып 3 секунд
бойы басып тұрыңыз.
Машина HomeWhiz баптау режимінде болғанда,
дисплейде анимация көрсетіледі, ал Bluetooth
таңбасы машинаның зияткерлік құрылғымен
байланысы орындалғанша жыпылықтайды. Бұл
режимде тек бағдарламаларды таңдау тұтқасы
ғана жұмыс істейді. Басқа батырмалар қол
жетімсіз.
Қосымша экранында кір жуғыш
машинаны таңдаңыз және «Ары қарай» батырмасын
басыңыз.
HomeWhiz сіздің зияткерлік
құрылғыңызға қосылғыңыз келетін құралды
сұрамағанша экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Кір жуғыш машинаны құрылғымен сәтті
жалғаған кезде, дисплей автоматты түрде қалыпты
режимге ауысады, Bluetooth таңбасы қосулы
болып қалады және орнатуды сәтті аяқтау әуендері
ойнатылады.
HomeWhiz бағдарламасына оралыңыз
да, баптауды аяқтауды күтіңіз. Баптау аяқталғаннан
кейін кір жуғыш машинаның атын енгізіңіз. Содан
кейін HomeWhiz бағдарламасына қосылған құралды
көру үшін түртіңіз.
Егер 5 минут ішінде баптауды аяқтамасаңыз,
кір жуғыш машинаңыз автоматты
түрде өшіріледі. Бұл жағдайда баптау
рәсімін қайта бастау керек болады. Кір
жуғыш машинаны бірнеше зияткерлік
құрылғылармен пайдалануға болады.
Ол үшін HomeWhiz қосымшасын басқа
зияткерлік құрылғыларға да жүктеңіз.
Қосымша іске қосылған кезде алдын ала
жасалған және кір жуғыш машинамен
қосылған есептік жазбаға кіру қажет
болады. Әйтпесе «Басқа есептік жазбаға
қосылған кір жуғыш машинаны баптау»
бөлімімен
танысыңыз.
ЕСКЕРТУ. HomeWhiz баптау үшін
зияткерлік құрылғы Интернетке қосылуы
керек. Әйтпесе HomeWhiz бағдарламасы
сәтті орнату процедурасын аяқтауға
мүмкіндік бермейді.
HomeWhiz қосымшасы бұйым
заттаңбасындакөрсетілген бұйым нөмірін
енгізуді талап етуі мүмкін. Бұйымның
заттаңбасы машина есігінің ішкі жағында
болады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать