Beko WSRE 6H636 BBS [59/80] Mashinadan foydalanish

Beko WSRE 6H636 BBS [59/80] Mashinadan foydalanish
орын тыстары, көрпе тыстары, ақжаймалар, жастық
тыстары, монша және жағажай сүлгілері, майлықтар,
шұлықтар, мақта мата іш киімдер үшін ұсынылады).
Дақтарды жоюдың автоматты бағдарламасы
дақтардың 24 түрін жоя алады. Олар жылдам жуу
функциясын таңдауға сәйкес екі топқа бөлінген.
Жылдам жуу функциясын таңдауға байланысты дақ
топтары көрсетіледі.
Жылдам жуу функциясына байланысты дақ топтары
төменде көрсетілген:
Егер жылдам жуу функциясы таңдалса:
Қан Шай Қызыл шарап
Шоколад Кофе Карри
Пудинг Жеміс шырыны Джем
Жұмыртқа Кетчуп Көмір
Егер жылдам жуу функциясы таңдалмаса:
Сары май’ Тері Салат тұздықтары
Шөп Жағаның кірі Макияж
Лас Тамақ Машина майы
Қақ Майонез Балалар тамағы
-Дақты өңдеу бағдарламасын таңдаңыз.
-Жоғарыдағы топтардан тазалауға қажет дақты
таңдап, жылдам кір жуу батырмасы арқылы тиісті
топты таңдаңыз.
-Бұйымның заттаңбасындағы ақпаратты мұқият
оқып шығыңыз, барабанның температурасы
мен айналу жылдамдығының дұрыс бапталуын
тексеріңіз.
Мамық
Осы бағдарламаның көмегімен күртелер,
кеудешелер, пиджактар және т. б. жууға болады.
Құрамында мамығы және «машинамен жуу»
заттаңбасы бар.
5.6. Арнайы бағдарламалар
Кір жуғыш машинада ерекше функциялары
үшін келесі бағдарламалар қарастырылған.
Шаю
Жеке шаю циклы, оны жай шаю үшін ғана
немесе киім-кешекті крахмалдауға қолдануға
болады.
Сығу+Ағызу
Бұл бағдарлама киімнен суды алып тастауға
немесе машинадан суды ағызуға мүмкіндік
береді.
Осы бағдарламаны іске қосар алдында сығудың
қажетті жылдамдығын таңдау керек, содан
кейін «Старт/ Кідіріс» батырмасын басу арқылы
бағдарламаны іске қосу керек. Алдымен
машинадан суды сорып алу, содан кейін
таңдалған жылдамдық кезінде іш киімді сығып,
Сығылған суды сорып алу орындалады.
Егер сығуды қажет етпесе, тек қана
суды машинадан сорып алу керек болса,
«Ағызу+Сығу» бағдарламасын таңдап, сығу
жылдамдығын таңдау батырмасы арқылы
«Сығусыз» функциясын таңдаңыз. «Старт/
Кідіріс» батырмасын басыңыз.
C
Жұқа киім-кешек үшін сығудың төмен
жылдамдығын орнату керек.
5.7 Машинаны пайдалану
Жаңа бағдарламаны таңдаған кезде температура
индикаторында осы бағдарлама үшін ұсынылған
температура көрсетіледі.
Температураны өзгерту қажет болса,
температураны таңдау батырмасын басыңыз:
температура бірте-бірте төмендейтін болады.
C
Егер бағдарлама әлі суды қыздыру циклын
бастамаса, машинаны «Кідіріс» режиміне
ауыстырмай, температураны өзгертуге
болады.
C
Егер температураны суық суда жуу
деңгейіне дейін төмендеткеннен кейін
қайтадан температураны таңдау
батырмасын бассаңыз, дисплейде
таңдалған бағдарлама үшін максималды
температура көрсетіледі. Температураны
төмендету үшін температураны таңдау
түймешігін қайта басыңыз.
5.8. Сығу жылдамдығын таңдау
Бағдарламаны таңдағанда, дисплейде осы
бағдарлама үшін ұсынылған сығу жылдамдығы
көрсетіледі. Сығу жылдамдығын өзгерту үшін, сығу
жылдамдығын таңдау батырмасын басыңыз. Сығу
жылдамдығы біртіндеп азаяды.
Содан кейін машина моделіне байланысты
дисплейде «Сумен тоқтау» және «Сығусыз»
функциялары бейнеленеді.
Егер кір жуу бағдарламасын аяқтағаннан кейін
бірден киім-кешекті түсірудің қажеті жоқ болса,
киім-кешектің қыртыстануын болдырмау үшін
сумен тоқтату функциясын пайдалануға болады.
Бұл функция соңғы шаюдан кейін іш киімді суда
қалдыруға мүмкіндік береді.
Егер содан кейін киім-кешекті сығусыз суды
ағызу қажет болса, «Старт/Кідіріс» батырмасын
басыңыз.
-Сығу жылдамдығын орнатыңыз.
-«Старт/Кідіріс» батырмасын басыңыз. Бағдарлама
жұмысын қайта бастайды. Машина суды ағызуды
және киім-кешекті сығуды жүзеге асырады.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін сығылмаған суды
ағызу үшін сығылмаған функциясын пайдалануға
болады.
C
Егер бағдарлама әлі сығу циклын
бастамаған болса, сығу жылдамдығын
машинаны «Кідіріс» режиміне ауыстырмай
өзгертуге болады.
C
Егер бағдарламаларда сығу жылдамдығын
таңдауға жол берілмейтін болса, сығу
жылдамдығын өзгерту мүмкін емес.
5.9 Dasturni tanlash va
energiya sarfi jadvali
• Таңдау мүмкіндігі
* Таңдау автоматты түрде жүзеге асады, одам бас тартуға
болмайды.
** :Бұл бағдарлама толық жүктеу және барабанның
айналуының максималды айналымы кезінде EN 60456
стандартына сәйкес эталондық бағдарлама болып
табылады.
*** :Бұл бағдарламаларды HomeWhiz қосымшасымен
пайдалануға болады
59 / KZ Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
Mashinadan foydalanish

Содержание

Похожие устройства

Скачать