Rovus VC889RS Руководство по эксплуатации онлайн [48/104] 772451

Rovus VC889RS Руководство по эксплуатации онлайн [48/104] 772451
48
(Батареяның қызмет ету мерзімін арттыру үшін әр 3 ай сайын шаңсорғышты қуаттауға кеңес беріледі)
НЕГІЗГІ БЛОКҚА ҚОЛ БЛОГЫН ЕНГІЗУ
Қол блогын негізгіге енгізер алдында әрқашан шаңсорғышты ӨШІРІҢІЗ.
Қол және негізгі блоктың арасындағы байланыста бөгде заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
ҚУАТТАУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ҚОСУ (5 суретті қараңыз)
Қол блогының негізгіге сенімді енгізілгеніне көз жеткізіңіз (5-4 сурет)
Қуаттау құрылғысын қуаттау көзіне қосыңыз (5-5 сурет)
Қуаттау сымын қуаттау портына қосыңыз (5-6 сурет)
Шаңсорғыш пен қуаттау құрылғысының ластанбағанына көз жеткізіңіз. Адаптерді ажыратыңыз және қажетіне қарай байланыстарын тазалаңыз.
Құралды алғаш пайдаланар алдында 6-8 сағаттың ішінде шаңсорғыштың батареясын қуаттау қажет.
Қуаттау көзіне қуаттайтын құрылғының ашасын енгізіңіз.
Қуаттау көрсеткіші батареяның қуатталып жатқандығын көрсете отырып, қызыл түспен жанады (5-7 сурет)
Батарея толық қуатталған кезде көрсеткіштің түсі көкке айналады.
Қуатталу кезінде адаптер және шаңсорғыш ысып кетуі мүмкін, бұл қалыпты жағдай.
Сіз шаңсорғышты ол пайдаланылмаған кезде кез-келген уақытта қуаттай аласыз.
Аккумулятор батареялары енгізілген қол блогын үнемі пайдалану кезінде олар ысып кетуі мүмкін, ол қалыпты жағдай болып саналады.
ЕСКЕРТПЕ: Шаңсорғышты оның максималды өнімділігін ұстап тұру үшін әр пайдаланғаннан кейін қуаттауға кеңес беріледі.
ПАЙДАЛАНУ
САҚТАНДЫРУЛАР:
1. Құрылғыны үйден тыс орында пайдаланбаңыз. Оңтайлы жұмыс жасауы үшін
құралды температурасы 40°C аспайтын орын-жайда ұстаңыз. Күннің астында
автокөлікте немесе жылытатын жабдықтардың жанында сақтамаңыз.
2. Оны қуаттау кезінде құрылғыны пайдаланбаңыз.
3. Жұмыс жасап жатқан кезінде щетканың айналатын бөлшектеріне қол
тигізбеңіз.
4. Заттарды өнімнің қандай да бір тесіктеріне орналастырмаңыз. Егер қандай
да бір тесіктер жабылып қалса, құрылғыны пайдаланбаңыз.
5. Бұрандалар, шегелер, түймелер, металл жоңқалары және т.с.с. металдан
жасалған заттарды жинау үшін құралды пайдаланбаңыз.
6. Әр пайдаланып болғаннан кейін құрылғыны босатыңыз. Шаңның,
талшықтардың, шаштардың немесе ауаның өтуіне кедергі келтіретін барлық
заттардың түсуіне жол бермеңіз.
7. Шаштарды, киімнің бос шеттерін және дененің бөліктерін тесіктен немесе
құралдың айналмалы бөлшектерінен, әсіресе соратын тесіктерінен аулақ
ұстаңыз.
8. Құрал жұмыс істеп тұрған кезде вакуумды саптаманы ешқашан бетіңізге,
әсіресе көздеріңіз бен құлақтарыңызға жақын ұстамаңыз.
9. Сенімді бекітілген сүзгісіз және сүзгінің қақпағынсыз құрылғыны
пайдаланбаңыз.
10. Баспалдақта құрылғыны пайдалану кезінде оның құлап түсуінің алдын-алу
үшін абай болыңыз.
11. Шаңсорғыштың батареясының қуаттау клеммалары таза және ластанбаған
болуы тиіс.
12. Тек өнімнің жинағына кіретін ауыспалы/тұрақты токтың қуаттау құрылғысын
ғана пайдаланыңыз.

Содержание

Похожие устройства