Rovus VC889RS [49/104] Абай болыңыз шаңсорғышты әрқашан тұрған қалпында қалдырыңыз себебі айналатын щеткасы еденді немесе кілемді зақымдауы мүмкін

Rovus VC889RS [49/104] Абай болыңыз шаңсорғышты әрқашан тұрған қалпында қалдырыңыз себебі айналатын щеткасы еденді немесе кілемді зақымдауы мүмкін
49
ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ (6 суретті қараңыз)
1. Жоғарыда көрсетілгендей камераның бұғаттан шығару түймесіне басыңыз.
2. Сұйыққойманың сабынан тартыңыз және оны шығарыңыз.
3. Сұйыққойманың жоғарғы қақпағын бұғаттан шығарыңыз.
4. MAX белгісіне дейін сұйыққоймаға ауыз судың/су құбырынан алынған судың жеткілікті көлемін құйыңыз.
5. Жоғарғы қақпақты жабыңыз және бекітіңіз. Сұйыққойманы қайтадан камераға енгізіңіз және оны бекітіңіз.
Сабындағы қуаттау түймесіне баса отырып, құрылғыны қосыңыз. Жылдамдық түймесіне баса отырып, «Қуаттау» немесе «ЭКО» режимін таңдаңыз. «Қуаттау» режимі сорудың
максималды қуаттылығын қамтамасыз етеді, ал «ЭКО» режимі дыбыстың төменгі деңгейімен жұмыс істейді.
ЕСКЕРТПЕ:
1. Сұйыққойманың ішінде жұмыс үдерісінде көбіктің пайда болуы мүмкін. Көбіктің аздап пайда болуы қалыпты жағдай болып саналады және құрылғының жұмысына кедергі
келтірмейді.
2. Сұйыққоймаға жуғыш құралдарын, сабынды ұнтақты, ағартатын сұйықтықтарды және соған ұқсас заттарды қосуға БОЛМАЙДЫ.
ТОҚТАТЫЛУЫ
Сабындағы қуаттау түймесіне тағы да баса отырып, құрылғыны ӨШІРІҢІЗ.
Жинау кезіндегі қысқаша кідіріс кезінде шаңсорғышты сәл ғана алға қарай қоя тұрып қалдыруға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғының тегіс, сырғанамайтын еденде тұрғандығына және сабын түсіргенге дейін жылжымайтын қалыпта екендігіне көз жеткізіңіз. Осы талапты орындамау
құрылғының және/немесе еденнің зақымдалуына алып келуі мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Шаңсорғышты әрқашан тұрған қалпында қалдырыңыз, себебі айналатын
щеткасы еденді немесе кілемді зақымдауы мүмкін.
ЖАРЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Батарея қуатталған - көрсеткіштің көк түсі
Батареяның қуаты 20% төмен - көрсеткіштің жыпылықтаған көк түсі
Батарея қуатталмаған - көрсеткіштің қызыл түсі
ҚАЛДЫҚТАРДЫ ПАЙДАҒА АСЫРУ
Су ластанған кезде оны ауыстырыңыз, және мұны әр пайдаланып болғаннан кейін жасаңыз. Суды ауыстырмай, ұзақ уақыт бойы шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Шаңсорғышты пайдалану кезінде судың сапасын тексеріңіз, және егер су тым түссіз болса немесе онда шаң мен түктің көлемі тым көп болса, сұйыққойманың жоғарғы
қақпағын ашу керек және оны босату керек, сосын ауыз/таза су құбырының суымен қайтадан толтыру қажет.
Әр пайдаланып болғаннан кейін сұйыққойманы босатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Осы өнім тек үйде пайдалану үшін ғана арналған. Құралды дұрыс
пайдаланбаудың немесе өнімді мақсатқа сай пайдаланбаудың салдарынан
жеткізуші жауапкершілік артпайды.
ҚОЛ БЛОГЫН ПАЙДАЛАНУ (7 суретті қараңыз)
Босату үшін негізгі блоктағы қол блогының бұғаттан шығару түймесіне басыңыз (7-8 сурет)
Жинау үшін қол блогын негізгіге енгізіңіз. Ол негізгі блокқа бекітілген кезде сырт еткен дыбыс естіледі (7-9 сурет)
Сабындағы қуаттау түймесіне баса отырып, қол блогын қосыңыз.
Сабындағы қуаттау түймесіне баса отырып, қол блогын өшіріңіз.
Техникалық қызмет көрсетер алдында әрқашан қуаттауды ӨШІРІҢІЗ және қуаттау көзінен қуаттау құрылғысын ажыратыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Қол блогын суды немесе сұйықтықты жинау үшін пайдалануға
болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Шаңға арналған контейнерді әр пайдаланып болғаннан кейін тазартқан жөн. «Қызмет көрсету және күту» бөліміндегі нұсқаулықтарға назар аударыңыз.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КҮТУ
Техникалық қызмет көрсетер алдында әрқашан қуаттауды ӨШІРІҢІЗ және қуаттау көзінен қуаттау құрылғысын ажыратыңыз.
ҚОЛ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БЛОГЫ
Шаңсорғыштағы кірді құрғақ және жұмсақ матамен сүртіңіз.
Қатты ластанған кезде жұмсақ және бейтарап жуғыш құралдарының аздаған көлемімен судағы ерітіндіге суландырылған ылғал матамен сүртіңіз, сосын құрғақ матамен
сүртіңіз.
Сұйылтқыш, бензол және бүріккіштерге арналған тазартқыштар сияқты сабынды ұнтақтарды, жуғыш құралдарын және еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Тез арада құрғатыңыз.
Қол блогын тазалағаннан кейін саптамада судың қалмағандығына көз жеткізіңіз.
Қол блогы (8 суретті қараңыз)
Контейнердің түймесіне басыңыз, контейнерді шығарыңыз және пайдаланып болғаннан кейін кірден/шаңнан тазалаңыз (8 сурет).
Ішіндегісін қоқыс кәрзеңкесіне тастаңыз. (9-10 суретті қараңыз)
Ішінен сыртқы сүзгісін алыңыз және сағат тіліне қарсы корпусын бұрай отырып, ішкі сүзгісін алып тастаңыз (9-11 сурет). Төменде көрсетілгендей, сыртқы сүзгісін
құбырдағы сумен жуыңыз, сосын оны тазалаңыз (9-12 сурет).
Қол блогына қайтадан орнатар алдында сүзгілерді толық құрғатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қол саптамасын, ішкі және сыртқы сүзгілерді ыдыс жуатын машинаға салуға болмайды. Оларды тек қолмен ғана жууға болады.

Содержание

Похожие устройства