Rovus VC889RS Руководство по эксплуатации онлайн [50/104] 772451

Rovus VC889RS Руководство по эксплуатации онлайн [50/104] 772451
50
СҰЙЫҚҚОЙМАНЫ ПАЙДАҒА АСЫРУ (10 суретті қараңыз)
1. Камераның бұғаттан шығару түймесіне басыңыз.
2. Сұйыққойманың сабынан тартыңыз және оны шығарыңыз. (10-13 сурет)
3. Сұйыққойманың екі жоғарғы қысқышын бұғаттан шығарыңыз. (10-14 сурет)
4. Сұйыққойманың қақпағын алып тастаңыз. Оны босатыңыз және мұқият жуыңыз.
5. Түтіктің бастиегін алып тастаңыз. Бұғаттан шығарғанға дейін сағат тіліне қарсы ішкі түтікті бұраңыз (белгісіне қараңыз). (10-15 сурет)
6. Қақпақты, түтіктің бастиегін, ішкі түтікті және сүзгіні су құбырының суымен белсендірілген көмірмен жуыңыз, сұйыққойманың қақпағын қайтадан орнатар алдында толық
құрғатыңыз.
7. Жоғарғы қақпақты жабыңыз және бекітіңіз. Сұйыққойманы қайтадан камераға енгізіңіз және оны бекітіңіз (сырт еткенге дейін).
Еденге арналған саптама (11 суретті қараңыз)
Еденге арналған саптаманы алып тастау үшін шаңсорғышты еденге қойыңыз. Төменде көрсетілгендей, еденге арналған саптаманың бұғаттан шығару түймесіне басыңыз
және ұстап тұрыңыз және бір уақытта одан тартыңыз (11-16 сурет)
Егер қандай да бір қоқыс немесе шаштар щеткаға шатасып қалса, тазалаңыз және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізіңіз.
Үнемі техникалық қызмет көрсетіңіз (12 суретті қараңыз)
Ол жерде шатасып қалған барлық қоқысты алып тастау үшін щетканы қолыңызбен ақырындап бұраңыз. (12-17 сурет)
Егер щетка айналмаса, оған көрсетілетін техникалық қызмет (13 суретті қараңыз)
1. Артқа тартыңыз (а) және щетканың қақпағын алып тастаңыз (b). (13-18 сурет)
2. Айналатын щетканың сол жағын көтеріңіз және сосын оны алып тастаңыз. Барлық қоқыс пен қалдықтарды алып тастаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Егер сіз қайшыны пайдаланатын
болсаңыз, өзіңізге зақым келтірмеу үшін және щетканың қылшықтарын кесіп жібермеу үшін әсіресе абай болуыңызды сұраймыз. (13-19, 13-20 суреттер)
3. Айналатын щетканы қайтадан орнатыңыз. Содан кейін щетканың қақпағының сенімді бекітілгенін, ал щетканың қолдың көмегімен оңай айналатындығын тексеріңіз. (13-21
сурет)
ЕСКЕРТПЕ: Щетканы ондағы шатасып қалған шаштардың және басқа қоқыстардың болуына тексеріңіз және оларды әр пайдаланып болғаннан кейін алып тастаңыз.
ЖАРАМСЫЗДЫҚТАРДЫ ЖОЮ
Жарамсыздық Себебінің болу мүмкіндігі Шешімі
Шаңсорғыш жұмыс істемейді Шаңсорғыш қуатталмаған Бірінші пайдаланар алдында немесе
оны ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз
шаңсорғыштың толық қуатталғандығына
көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыш қуатталмайды Қуаттың ауыстырып-қосқышы қосылмаған Қуаттың негізгі көзінің қуатының
ауыстырып-қосқышының қосылғандығына
көз жеткізіңіз.
Қуаттау сымы зақымдалған Зақымдалған қуаттау сымын
пайдаланбаңыз. Клиенттерге қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Сорудың қуаттылығы төмендеуде. Саптаманың немесе түтіктің толып қалуы
мүмкін
Олардың толып қалуын тексеріңіз және
оларды тазалаңыз.
Сұйыққоймадағы су өте лас Сұйыққоймадағы суды үнемі
ауыстырыңыз және әр пайдаланып
болғаннан кейін суға арналған
сұйыққойманы босатыңыз.
Сүзгі ластанған Жеткізушіден қосалқы бөлшектердің
барын анықтаңыз.
Шаңсорғыш ысып кетеді Сүзгі ластанған Сүзгіні тексеріңіз және оны тазартыңыз.
Шаңсорғыштан шығатын ауаның иісі бар Сүзгі ластанған Сүзгіні тексеріңіз және оны тазартыңыз.
Сүзгі ылғал Сүзгіні қол блогына қайтадан орнына
қояр алдында оның құрғақ екендігіне
көз жеткізіңіз. Қажетіне қарай, суды
ауыстырыңыз.
Қуаттаудың көрсеткіші/батареялар
жыпылықтайды
Шаңсорғыш қуаттау көзіне қосылмаған Шаңсорғышты толық сыйымдылыққа
дейін қуаттаңыз. Көрсеткіш
жыпылықтамайды.
Құрылғы өшеді, зарядтау көрсеткіші
қызыл / күлгін жыпылықтайды
Айналатын щетка кептелген Щетканы тазартыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Құрал құрғақ орында сақталып, тасымалдау және сақтау кезінде тікелей күн сәулелерінің әсеріне ұшырамауы тиіс.
Өнімнің атауы: АКВАСҮЗГІСІ БАР ROVUS TSUNAMI ШАҢСОРҒЫШЫ
Моделінің №: VC-889RS / ID: 110003378
Кернеуі: 18 V DC / 125 W
Еденге арналған саптама: 18 V DC / 15 W
Адаптердің моделінің №: K12S220050G / Кірісінде: 100-240 V~ / 50/60 Hz/ 0,35 A/ Шығысында: 22,0 V, 0,5A
Өндірілген елі: ҚХР
Сауда белгісінің иесі / ЕО импорттаушы / Дистрибьюторы: Top Shop International S.A., Виа Феруччо Пелли 13, 6900 Лугано, Швейцария
Қазақстандағы импорттаушы: Дистрибьютор: Студио Модерна Қазақстан ЖШС, Қазақстан, Алматы, Айтиев к-сі 23
Өндірілген күні және топтамалық нөмірі өнімде көрсетілген.

Содержание

Похожие устройства