Rovus GS-XH026 Руководство по эксплуатации онлайн [47/100] 772453

Rovus GS-XH026 Руководство по эксплуатации онлайн [47/100] 772453
47
олардың қасында пайдалануға болмайды.
12. Құрылғыны тікелей электр желісінің розеткасы астында орнатуға
болмайды.
13. Әрқашан тікелей қабырғадағы розеткаға ғана жалғаңыз. Ұзартқышты
ешуақытта пайдаланбаңыз, себебі желінің шамадан тыс жүктелуі
салдарынан он қатты қызып, өртенуі мүмкін.
14. Баусымның немесе құрылғының қандай да бір бөлшегін су қолмен ұстауға
болмайды.
15. Зақымданған кабельді немесе баусымды пайдаланбаңыз. Қуат беру
кабелі зақымданса, қауіпті жағдайларды болдырмау үшін, оны тиісті
біліктілігі бар маман ауыстыруы тиіс.
16. Кабельді тарту арқылы желіден ажыратпаңыз. Ашаны ажырату үшін,
кабельден емес, ашасынан ұстау керек.
17. Кабельді созуға немесе деформациялауға болмайды. Кабельді ыстық
беттерден алысырақ ұстаңыз.
18. Кабельді кілемнің астында өткізуге болмайды. Кабельді кілемшелермен,
кілем төсеніштерімен немесе ұқсас жабындармен жабуға болмайды.
Кабельді жүретін жерден және адам сүрінбейтіндей жерде өткізіңіз.
19. Болжалды өртті болдырмау үшін, саңылауы немесе тартпа саңылауы
жабық болған кезде пайдаланбаңыз, сондай-ақ, оны шаңнан, түктен,
шаштан немесе ауа ағынын төмендете алатын басқа да заттардан
сақтаңыз. Құрылғының кірісіндегі тордың үстіне немесе тартпа
саңылауының үстіне қандай да бір заттарды қоймаңыз, себебі бұл электр
тоғымен зақымдануға немесе өрттің шығуына әкеп соқтырып, не болмаса
құрылғыны зақымдануы мүмкін.
20. Төсек орын сияқты жұмсақ жерде пайдаланбаңыз, себебі оның
саңылаулары жабылып қалуы мүмкін.
21. Қатты қызып кетуін болдырмау үшін, құрылғыны жаппаңыз.
22. Желіден ажыратпас бұрын, барлық басқару элементтерін сөндіріңіз.
23. Осы құрылғыда қандай да бір тазалағыш заттарды немесе майлау
материалдарды пайдаланбаңыз. Тазалау немесе қандай да бір
техникалық қызмет көрсетпес бұрын, оны желіден ажыратыңыз.
24. Химиялық күйік алу немесе тұншығу қаупі бар. Батареяларын балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Батарея бөлігін әрдайым жақсы жабылуын
қамтамасыз ету керек. Егер батарея бөлігі жақсылап жабылмаса,
бұйымның пайдаланылуын тоқтатып, батареяларын шығарыңыз және
оларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтап қойыңыз. Балалар
батареяларды кездейсоқ жұтып алды немесе олардың дененің белгілі бір
бөлігіне тығып жіберді деген ойда болсаңыз, дереу дәрігер шақырыңыз.
25. Егер құрылғы тиісті түрде жұмыс істемесе (қатты соғылса, құласа,
зақымданса, далада қалдырылса немесе суға батырылса), оны
пайдаланбаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Можно схему
1 год назад

Ответы 0

Ремонт печатной платы
1 год назад

Ответы 0

Ремонт схема элктромотор
1 год назад