Rovus GS-XH026 [49/100] Сақтық шаралары тазалау алдында қуатты сөндіріп желілік баусымның ашасын розеткадан ажыратыңыз пайдаланылған соң электр қозғалтыш ыстық болуы мүмкін сондықтан оны тазаламас бұр...

Rovus GS-XH026 [49/100] Сақтық шаралары тазалау алдында қуатты сөндіріп желілік баусымның ашасын розеткадан ажыратыңыз пайдаланылған соң электр қозғалтыш ыстық болуы мүмкін сондықтан оны тазаламас бұрын суығанша күте тұрыңыз
49
«WIND TYPE» (ЖЕЛДЕТУ ТҮРІ) (4-сурет, D)
Қалыпты түрінен табиғи түріне дейінгі желдету түрлерін ауыстырып отыру үшін жел рециркуляциясы функциясын қосып, жел түрін орнату үшін, осы символды басыңыз.
Әрбір басқан сайын, кәдімгі желден табиғи желге дейін ауыстырылып, циркуляциясы жүреді.
«SIDE TO SIDE PIVOTING» (ЖАН-ЖАҚҚА ҚАРАЙ АЙНАЛУ) (4-сурет, E)
Сол жаққа немесе оң жаққа айналуын реттеу үшін осы символды басыңыз. Сөндіру үшін қайтадан басыңыз.
«UP AND DOWN PIVOTING» (ЖОҒАРЫ-ТӨМЕН АЙНАЛУ) (4-сурет, F)
Желдеткішті жоғары-төмен жылжыту үшін осы символды басыңыз. Сөндіру үшін қайтадан басыңыз.
«PLUS AND MINUS» (ҚОСУ ЖӘНЕ АЗАЙТУ) (4-сурет, G және H)
1. Ауа ағынының 12 жылдамдық деңгейі арасында ауыстырып қосу үшін осы символды басыңыз.
2. Жылыту режимінде жылытудың 2 деңгейі арасында ауыстырып қосу үшін осы символды басыңыз.
«LIGHT» (ИНДИКАТОР) (4-сурет, I)
Дисплейді қосу немесе сөндіру үшін осы символды басыңыз.
«TIMER SETTINGS» (ТАЙМЕРДІ БАПТАУ) (4-сурет, J)
Таймерді 0,5 сағаттан 7,5 сағатқа дейін (әрбір басқан сайын) орнату үшін осы символды басыңыз. Сөндіру үшін батырманы ұстап тұрыңыз.
ҚАШЫҚТЫҚТАН БАСҚАРУ ПУЛЬТІ (5-суретті қараңыз)
1. Жұмысты бастамас бұрын батареяның қорғаныс үлдірін алып тастаңыз.
2. Құрылғыға нұсқау арқылы қашықтықтан басқару пультімен жұмыс істеңіз.
3. Батареяны ауыстыру: қашықтықтан басқару пультінің жұмыс істеу ауқымы төмендесе немесе негізгі корпусы жауап қайтармаса, батареяны ауыстырыңыз.
ҚАШЫҚТЫҚТАН БАСҚАРУ ПУЛЬТІНІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ (6-суретті қараңыз)
1. ҚОСУ / СӨНДІРУ
2. Қосу және азайту функциясы
3. Жан-жаққа / Жоғары-төмен функциясы
4. Таймер
5. Жылыту
6. Индикатор
7. Желдету түрі
8. Ауаны ылғалдандыру
ХОШ ИІСТЕНДІРГІШ (7-суретті қараңыз)
1. Хош иістендіргіштің қақпағын алып тастап, хош иісті түпқойманы шығарыңыз. (7-сурет)
2. Хош иісті судың 1-2 тамшысын қорапқа тамызып, қақпағын орнына қойыңыз. (7-сурет)
БҰЙЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ (8 және 9-суретті қараңыз)
Бұйымды тегіс әрі кедергісі жоқ жерге қойыңыз.
1. Рециркуляциялық желдеткішті пайдалану
a. Ауаның суық / жылы циркуляциясы (8-сурет, А)
b. Бөлмедегі және бөлменің сыртындағы ауаның алмасып циркуляциясы (8-сурет, B)
c. Бөлмедегі ауа циркуляцисы (8-сурет, С)
d. Бөлмедегі киім кептіргіш (8-сурет, D)
2. Жылыту функциясы (9-сурет, A)
3. Ауана ылғалдау функциясы (9-сурет, В)
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ САҚТАУ
Шаңның болжалды жиналуы салдарынан орын алуы мүмкін әлеуетті сынуын болдырмау мақсатында, оны үнемі тазалап отырыңыз.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ: Тазалау алдында қуатты сөндіріп, желілік баусымның
ашасын розеткадан ажыратыңыз. Пайдаланылған соң, электр қозғалтыш
ыстық болуы мүмкін, сондықтан оны тазаламас бұрын, суығанша күте тұрыңыз.
НЕГІЗГІ КОРПУСТЫ ТАЗАЛАУ (10-суретті қараңыз)
Тазалау үшін тордың қақпағын алып тастаңыз.
a. Тор қақпағында кішкентай люктің орналасқан жерін анықтаңыз. Алдымен, артқы қақпақтың бұғаттайтын ауыстырып қосқышын табыңыз.
b. Тордың қақпағын бұғаттаудан шығару және оны алып тастау үшін, люкті сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз. (10-сурет)
c. Тордың қақпағында жиналып қалған шаңды тазалау үшін шаң сорғышты пайдаланыңыз. (10-сурет)
d. Тордың қақпағын сүрту үшін жұмсақ матаны пайдаланыңыз. (10-сурет)
e. Тазалап болғасын, тордың қақпағын қайтадан орнына қойып, қақпақты бұғаттау үшін, оны сағат тілінің бағыттымен бұраңыз.
СУҒА АРНАЛҒАН СЫЙЫМДЫЛЫҚТЫ ТАЗАЛАУ
•
Суға арналған сыйымдылыққа су құю алдында оны алып тастағанда немесе оны тазалағанда, қуат беру сымының ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
•
Суға арналған сыйымдылықты негізгі корпустан шығарып, содан кейін ішін құбыр сумен жақсылап жуып шығыңыз; аэрозольді суландыру шүмегін тазалау үшін
ылғалды матаны пайдаланыңыз.
•
Қақтың түзілуіне байланысты (жергілікті жердің суының кермектігі салдарынан) қандай да бір қиындықтарға тап болған жағдайда, сыйымдылықтың ішіне және
аэрозольді суландыру шүмегіне сірке суын құюыңызға болады, бұдан кейін шамамен 20 минут күтіп, оларды ағынды сумен жақсылап шайыңыз; аэрозольді
суландыру шүмегін тазалау үшін ылғалды матаны қолданыңыз.
САҚТАУ
Оны ұзақ уақыт бойы пайдаланбасаңыз, оны жоғарыдағы нұсқаулыққа сәйкес тазалап, сақтау алдында суға арналған сыйымдылықты толығымен кептіріңіз.
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Жөндеуге апармас бұрын, нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Можно схему
1 год назад

Ответы 0

Ремонт печатной платы
1 год назад

Ответы 0

Ремонт схема элктромотор
1 год назад