Vitek VT-5051 [13/28] Қазақша

Vitek VT-5051 [13/28] Қазақша
13
ҚазаҚша
КӨКӨНІСТЕР МЕН ЖЕМІСТЕРГЕ АРНАЛҒАН
КЕПТІРГІШ VT-5051 BK
Электрлік кептіргішті пайдаланып, Сіз
көкөністерді, жемістерді дайындап, етті, балықты
сүрлеп, дәрілік немесе татымдық өсімдіктерді
кептіріп, әртүрлі гүлдерді және т.б. суалдыра
аласыз.
Сипаттамасы
1.
Корпусы
2.
Қоректендіру сөндіргішінің батырмасы
3.
Жарықтық көрсеткіш
4.
Температура реттегіші
5.
Шешілмелі торлары бар кептіруге арналған
секциялар
6.
Қақпағы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғаныс үшін қоректендіру
тізбегінде 30 мА аспайтын номиналды іске
қосылу тоғы бар қорғаныс сөну құрылғысын
(ҚСҚ) орнату жөн; орнату үшін маманға
хабарласу керек.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны пайдалану алдында берілген
пайдалану бойынша нұсқаулықты зейін
қойып оқып шығыңыз және оны анықтамалық
материал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Құрылғыны тек оның тікелей міндеті
бойынша берілген нұсқаулықта жазылғандай
пайдаланыңыз. Аспапты дұрыс пайдаланбау
оның бұзылуына, пайдаланушыға немесе оның
мүлкіне зиян келтіруіне әкелуі мүмкін.
Іске қосу алдында электр желісіндегі кернеу
құрылғының жұмыс кернеуіне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
Аспапты тек оның тікелей міндет бойынша
ғана пайдаланыңыз, Жеткізілім жинағына
кіретін жабдықтарды ғана қолданыңыз.
Құрылғыны жылуға төзімді түзу тұрақты
бетке, жылу, ылғал және тікелей күн сәулелері
көздерінен алшақ орнатыңыз.
Аспапты сепкіштер себілетін немесе тез
тұтанатын сұйықтықтар пайдаланылатын
жерлерде іске қоспаңыз.
Аспапты бөлмелерден тыс пайдаланбаңыз.
Аспапты пайдаланғанда желілік бауды оның
толық ұзындығына тарқату ұсынылады.
Желілік бау:
ыстық беттермен жанаспауы,
үшкір шеттермен тартылмауы керек.
Желілік баудың айыртетігін электрлік
ашалықтан суырғанда, баудан тартпаңыз, ал
айыртетіктен ұстаңыз.
Желілік баудың айыртетігінен сулы қолмен
ұстамаңыз.
Ешқашан жұмыс істеп тұрған аспапты
қараусыз қалдырмаңыз.
Үздіксіз жұмыс істеу уақыты 70 сағаттан
аспауы керек. 70 сағат өткеннен кейін
құрылғыны сөндіріңіз, оны электрлік желіден
ажыратыңыз және салқындауға уақыт беріңіз.
Құрылғыны суға толы ваннағыв немесе
қолжуғышқа түсіп кет алатын жерде
пайдаланбаңыз және сақтамаңыз, құрылғыны
суға немесе кез-келген басқа сұйықтыққа
салмаңыз.
Егер құрылғы суға түсіп кетсе, дереу желілік
баудың айыретігін электрлік ашалықтан
суырыңыз, және содан кейін ғана аспапты
судан шығаруға болады.
Аспаптың желдетіс саңылауларына судың
тиюіне жол бермеңіз.
Балалардың қауіпсіздігі мақсатында орау
ретінде пайдаланылатын полиэтилен
қаптарды қараусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен
қаптармен немесе орайтын үлдірмен ойнауға
рұқсат етпеңіз. Тұншығу қаупі бар!
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде балаларға
прибор корпусына, желілік сымға және желілік
сым ашасына қол тигізуіне рұқсат етпеңіз.
Балалар приборды ойыншық ретінде
пайдаланбас үшін оларды қадағалап
отырыңыз.
Егер жұмыс істеп тұрған құрылғының қасында
балалар немесе мүмкіндіктері шектелген
тұлғалар болса аса назар болыңыз.
Бұл құрылғы балалардың қолдануына
арналмаған.
Жұмыс істеу және салқындау уақытында
құрылығыны балалардың қолы жетпейтін
жерде орналастырыңыз.
Дене, жүйке немесе сана мүмкіндіктері
төмендетілген тұлғалардың (балаларды
қоса) немесе оларда тәжірибесі немесе
білімі болмаса, егер олар бақыланбаса
немесе олардың қауіпсіздігі үшін жауап
беретін тұлғамен аспапты пайдалану туралы
нұсқаулықтар берілген болмаса, аспап
олардың пайдалануына арналмаған.
Кептіргішті жоғарғы қақпақсыз пайдалануға
тыйым салынады, аспап жұмыс істегенде
қақпақты ұзақ уақытқа шешпеңіз.
IM VT-5051.indd 13 21.12.2016 16:52:37
Скачать