Redmond RMC-M04 [32/36] Жабық мультипісіргіште әзірленген тағам бар немесе су толған табаны 24 сағаттан

Redmond RMC-M04 [32/36] Жабық мультипісіргіште әзірленген тағам бар немесе су толған табаны 24 сағаттан
32
III. АСПАП КҮТІМІ
Бұйымды тазалауға кірісудің алдында ол электр желісінен ажырап тұрғанына және
толық суығанына көз жеткізіңіз!
Жалпы ережелер мен кеңестер
Аспапты алғашқы пайдаланар алдында, сонымен қатар мультипісіргіште әзірлеген соң
ас иісін кетіру үшін ішінде «ВАРКА/НА ПАРУ» бағдарламасында 15 минуттың ішінде
жарты лимон өңдеуге кеңес береміз.
Жабық мультипісіргіште әзірленген тағам бар немесе су толған табаны 24 сағаттан
артық қалдырмау керек. Дайын тағамы бар табаны тоңазыткерамикалықта сақтай
аласыз және қажет болғанда ысыту функциясын пайдаланып, тағамды мультипісіргіште
ысыта аласыз.
Егер аспапты ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, оны электр желісінен ажыратыңыз. Қыз-
дыру дискісін қоса, жұмыс камера, таба, ішкі қақпақ пен бу клапаны таза және құрғақ
болуы керек.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағыны астына салуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Аспапты тазалағанда қатты майлықты немесе губканы, абразивті пастаны пайдала-
нуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Сонымен қатар, кез келген химиялық агрессивті немесе асқа
тиетін заттар үшін қолдануға кеңес берілмеген басқа заттарды пайдалануға болмай-
ды.
Мультипісіргіштің резина бөлшектерін тазалағанда мұқият болыңыз: олар зақымдан-
са немесе майысса, аспап дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Корпусты тазалау
Құрал корпусын ылғалды ас үй сулығымен немесе ысқышпен тазалаңыз. Жұмсақ тазартқыш
құралдарды пайдалануға болады. Су ағып кетуін немесе ажырауды болдырмау үшін кор-
пустың бетін құрғатып сүрту ұсынылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тығыздаушы резеңкені тазарту кезінде абай болыңыз: оның дефор-
мациясы құралдың істен шығуына әкеліп соғады.
Табаны тазалау
Құрылғының ыдысын әр қолданған сайын тазарту қажет. Сіз табаны жұмсақ губка мен
ыдысты жуу құралын пайдаланып, қолмен де, ыдыс жуатын машинада да тазалай аласыз
(өндіруші кеңестеріне сәйкес).
Қатты кірлегенде табаға жылы су құйып, біраз уақыт жібітіп қойыңыз, одан кейін тазалап
шығыңыз. Табаны мультипісіргіш корпусына қоюдың алдында сыртқы бетін міндетті түрде
кептіріп сүртіңіз.
Табаны үнемі пайдаланғанда оның күйікке қарсы ішкі жабындысының түсі толық немесе
жартылай өзгеруі мүмкін. Бұл өзімен өзі таба ақауының белгісі болып табылмайды.
Алмалы-салмалы бу қақпағын тазарту
Алмалы-салмалы бу қақпағын әр қолданған сайын тазартыңдар.
1. Бу қақпақшасын жоғары қарай ұқыпты тартыңыз және оны шешіңіз.
2. Бу клапанын
A3
(6 бет) сызбасында көрсетілгендей бөлшектеңіз.
3. Су ағының астында жуыңыз және құралға орнатар алдында кептіріңіз.
4. Бу клапанын
A3
(6 бет) сызбасында көрсетілгендей құралға орнатыңыз.
Конденсатты жою
Аспап корпусында орналасқан конденсатқа арналған контейнерді мультипісіргішті әр
пайдаланған сайын тазарту қажет. Контейнердің бүйірінен ұстап, оны ақырын өзіңізге
қарай тартып, шешіп алыңыз. Конденсатты төгіңіз; контейнерді жуып, орнына орналасты-
рыңыз. Конденсаттың артығы кейде аспап корпусындағы табақтың корпусындағы табақ
айналасындағы арнайы шұңқырда жиналуы мүмкін. Оны кетіру үшін ас үй майлықтарын
немесе сүлгіні қолданыңыз.
Жұмыс камерасын тазалау
Осы нұсқаулықтың нұсқаулары қатаң ұстанғанда сұйықтық, ас бөліктері немесе қоқыстың
аспаптың жұмыс камерасының ішіне түсу мүмкіндігі аз. Егер қаты ластанса, аспаптың қате
жұмысынан немесе аспап бұзылуынан бас тарту үшін жұмыс камерасының беттерін таза-
лау керек.
Жұмыс камерасының бүйірлік қабырғаларын, қыздыру дискісі бетін және орталық тер-
моқадаға қабығын (қыздыру дискісінің ортасында орналасқан) ылғал (су емес) губкамен
немесе майлықпен тазалауға болады. Егер сіз жуу құралын қолдансаңыз, кейін ас әзірле-
генде керексіз иісті болдырмау үшін оның қалдықтарын мұқият кетіру керек.
Бөтен заттар орталық термоқадаға айналасындағы қуысқа түскенде оларды қадаға қа-
бығына баспай, пинцетпен мұқият алып тастаңыз.
Қыздыру дискісінің беті кірлегенде ылғал орташа қатты губканы немесе синтетикалық
ыскерамикалықты пайдалануға болады.
Табаны үнемі пайдаланғанда оның күйікке қарсы ішкі жабындысының түсі толық немесе
жартылай өзгеруі мүмкін. Бұл өзімен өзі таба ақауының белгісі болып табылмайды.
Сақтау және тасымалдау
Сақтау және қайта пайдаланудың алдында құралдың барлық бөліктерін тазалап, түгел
құрғатыңыз. Құралды құрғақ желденетін жерде жылыту аспаптарынан алыс және тікелей
күн сәулелерден алыс сақтаңыз.
Тасымалдау және сақтау кезінде құралдың зақымдануына және/немесе ораманың бүтін-
дігіне әкелуі мүмкін құралды механикалық әсерлерге ұшарытуға тыйым салынады.
Құралдың орамасын су мен басқа да сұйықтықтардан сақтау қажет.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения