Delonghi Dinamica Plus ECAM 370.95.T [35/220] Кофе тартқышты реттеу

Delonghi Dinamica Plus ECAM 370.95.T [35/220] Кофе тартқышты реттеу
200
Кофе құйылған соң, құрылғы әрі қарай
пайдалануға дайын болады.
Маңызды! LONG (Ұзын) кофесін дайындау:
Дайындау процесінің ортасында “ADD GROUND
COFFEE" "MAX. ONE MEASURE” артылған
кофе қосыңыз, ең көбі бір өлшеуіш) хабары
көрінеді. Тартылған кофенің бір деңгейдегі
мөлшерін салып, түймесін басыңыз.
7.5 Кофе тартқышты реттеу
Кофе тартқыш әдепкі параметр бойынша
кофені дұрыс дайындайтындай етіп
орнатылады және оны реттеудің қажеті жоқ.
Дегенмен, алғашқы бірнеше кесе кофені
жасағаннан кейін кофенің өте әлсіз және
кілегейлі емес екендігі немесе оның өте жай
құйылатыны байқалса (тамшылап тұрса),
оны тартуды реттеу дөңгелегін (A5) (13-сурет)
реттеу арқылы түзетуге болады.
Ескеріңіз!
Тартуды реттеу дөңгелегін тек кофе тартқыш
кофе дайындаудың бастапқы кезеңінде жұмыс
істеп тұрған кезде ғана бұрау керек.
Егер кофе өте баяу құйылса
немесе мүлдем құйылмаса,
дөңгелекті сағат тілі
бағытымен "7" санына қарай
бір рет "сырт" еткізіп бұраңыз.
Толық кілегейлі кофе жасау
үшін, сағат тілі бағытына қарсы 1 санына қарай
бір рет "сырт" еткізіп бұраңыз (бір бұрағанда
бір реттен артық "сырт" еткізіп бұрамаңыз,
әйтпесе кофе тамшылап құйылуы мүмкін).
Бұл реттеулердің нәтижесі тек 2 кесе кофе
жасалғаннан кейін ғана байқалады. Егер бұл
реттеу қажетті нәтижені бермесе, дөңгелекті
тағы бір рет "сырт" еткізіңіз.
7.6 Ыстығырақ кофе алу туралы
кеңестер
Ыстығырақ кофе алу үшін мыналарды
орындаңыз:
Параметрлер мәзірінде “Rinsing” (Шаю)
функциясын таңдау арқылы шаю циклін
орындаңыз (“6.3 Шаю ” бөлімі);
Ыстық су функциясын пайдаланып,
кеселерді жылытыңыз ("10. DЫстық су
құю” бөлімін қараңыз);
параметрлер мәзірінде ”(C3) кофе
температурасын арттырыңыз (“6.9 Кофе
температурасы ” бөлімін қараңыз).
8. КАППУЧИНО ЖӘНЕ СҮТ
НЕГІЗІНДЕГІ СУСЫНДАРДЫ ЖАСАУ
Ескеріңіз!
Сүттің көпіршігі аз болуына немесе үлкен
көбіктердің болуына жол бермес үшін,
сүт ыдысының қақпағы (E2) мен ыстық
су қондырмаларын (A8) “8.4 Сүт ыдысын
пайдаланған соң тазалау”, “13.10 Сүт ыдысын
тазалау” және “13.11 Ыстық су қондырмасын
тазалау" бөлімдерінде сипатталғандай әдіспен
тазалап отырыңыз.
8.1 Сүт ыдысын толтыру және бекіту
1. Қақпақты алыңыз (E2) (14-сурет);
2. Сүт ыдысын (E3) жеткілікті сүт мөлшерімен
ыдыста белгіленген MAX (15-сурет)
деңгейіне дейін толтырыңыз. Ыдыстың
бүйіріндегі әрбір белгі шамамен 100 мл сүтке
негізделген;
Ескеріңіз!
Қоюлау көпіршікке қол жеткізу үшін
тоңазытқыш температурасында (шамамен
5°C) сақталған шайқалған немесе жартылай
шайқалған сүтті пайдалану керек.
Егер "Қуат үнемдеу" режимі іске қосылса,
сусын құйылмас бұрын бірнеше секунд
күту керек болуы мүмкін.
3. Сүт сору түтігінің (E4) сүт ыдысы
қақпағының төменгі жағына дұрыс
енгізілгенін тексеріңіз (16-сурет);
4. Қақпақты ыдысқа қайта орналастырыңыз;
5. Ыстық су шүмегін (D6) алыңыз;
6. Сүт ыдысын (E) түтік қондырмасына (А8)
енгізіп, жеткен жеріне дейін итеріңіз (17-
сурет). Құрылғы сигнал шығарады (сигнал
функциясы іске қосылған болса);
7. Кофе (A9) және көпіршітілген сүт
шүмектерінің (E5) астына жеткілікті
көлемдегі үлкен кесені қойыңыз. Сүт
шүмегінің ұзындығын реттеңіз. Оны кесеге
жақындату үшін төмен басыңыз (18-сурет).
8. Әрбір функцияға қатысты төмендегі
нұсқауларды орындаңыз.

Содержание

Скачать