Delonghi Dinamica Plus ECAM 370.95.T [40/220] Кофе шүмектерін тазалау

Delonghi Dinamica Plus ECAM 370.95.T [40/220] Кофе шүмектерін тазалау
205
және розеткадан ажырату керек. Құрылғыны
ешқашан суға батырмаңыз.
1. Құрылғының іші (тамшы науасы (A15)
алынған соң қолжетімді болады)
кірлемегенін тұрақты түрде тексеріп
отырыңыз (шамамен аптасына бір рет).
Қажет болса, кофе қалдықтарын берілген
щеткамен (D5) және губкамен тазалаңыз.
2. Барлық қалдықтарды шаңсорғышпен
тазалаңыз (24-сурет).
13.6 Су ыдысын тазалау
1.
Су ыдысын (A17) тұрақты түрде (шамамен
айына бір рет және су жұмсартқыш сүзгіні
(D7) (егер орнатылған болса) ауыстырған
сайын) дымқыл шүберекпен және шамалы
жұмсақ ыдыс жуғыш сұйық затпен
тазалап отырыңыз. Ыдысты толтыру және
құрылғыға салу алдында мұқият шайыңыз;
2.
Сүзгіні алыңыз (орнатылған болса) және
ағынды сумен шайыңыз;
3. Сүзгіні орнына салыңыз (орнатылған
болса), ыдысты таза сумен толтырып,
орнына салыңыз;
4. Сүзгіні (тек су жұмсартқыш сүзгісі бар
үлгілер) қайта белсендіру үшін шамамен
100 мл ыстық су ағызыңыз.
13.7 Кофе шүмектерін тазалау
1. Кофе шүмектерін (A9) губкамен немесе
шүберекпен тұрақты түрде тазалаңыз (25A
сур.);
2. Кофе шүмектеріндегі тесіктердің бітеліп
қалмағанын тексеріңіз. Қажет болса, кофе
қалдықтарын тіс тазартқышпен кетіріңіз
(25B сур.).
13.8 Тартылған кофе воронкасын тазалау
Тартылған кофе воронкасының (A4)
бітелмегенін тұрақты түрде (шамамен айына
бір рет) тексеріп тұрыңыз. Қажет болса,
кофе қалдықтарын берілген щеткамен (D5)
тазалаңыз.
13.9 Демдеу торын тазалау
Демдеу торын (A20) кемінде айына бір рет
тазалап отыру керек.
Маңызды!
Құрылғы іске қосулы болған кезде демдеу
торын алуға болмайды.
1. Құрылғының дұрыс өшірілгеніне көз
жеткізіңіз ("5. Құрылғыны өшіру" бөлімін
көріңіз);
2. Су ыдысын тазалаңыз (A17) (3-сурет);
3. Құрылғының оң жағындағы демдеу
торы орнының қақпағын (A19) (26-сурет)
ашыңыз;
4. Екі түрлі-түсті босату түймелерін ішке
қарай басып тұрып, демдеу торын сыртқа
қарай тартып шығарыңыз (27-сурет);
5. Демдеу торын суға шамамен 5 минут
батырып қойып, ағынды су астында
шайыңыз;
Маңызды!
ТЕК СУМЕН ШАЮ
ЫДЫС ЖУҒЫШ СҰЙЫҚ ЗАТТЫ ЖӘНЕ ЫДЫС
ЖУҒЫШ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ
Демдеу торын ыдыс жуғыш сұйық затсыз
тазалаңыз, себебі ол зақымдануы мүмкін.
6. Демдеу торының корпусында (демдеу
торы орнының қақпағы арқылы көрінеді)
қалған кез келген кофе қалдығын кетіру
үшін арнайы щетканы (D5) пайдаланыңыз;
7. Тазалаған соң, демдеу торын ішкі тірекке
(28-сурет) қарай сырғыту арқылы орнына
салып, "сырт" етіп орнына түскенше PUSH
(ИТЕРУ) белгісін толық енгенше ішке қарай
басыңыз;
Ескеріңіз!
Егер демдеу торын енгізу қиын болса, енгізбес
бұрын оны 29-суретте көрсетілген екі ілгекті
басу арқылы тиісті өлшемге бейімдеңіз.
8. Салынған соң, екі түрлі-түсті түйменің
шыққанына көз жеткізіңіз (30-сурет);
9. Демдеу торы орнының қақпағын жабыңыз;
10. Су ыдысын орнына салыңыз.
13.10 Сүт ыдысын тазалау
Көпірткішті тиімді етіп сақтау үшін, сүт
ыдысын төменде сипатталғандай етіп екі күн
сайын тазалаңыз.
1. Қақпақты (E2) ашыңыз;
2. Сүт шүмегі (E5) мен ішке тарту түтігін (E4)
алыңыз (31-сурет);
3. Көпіршікті реттеу дөңгелегін (E1) сағат
тіліне қарсы бағытпен “INSERT” (Енгізу)
бағытына қарай бұрап (31-сурет), жоғары
қарай тартып шығарыңыз;

Содержание

Скачать