Polaris PEG 0503 [24/29] Тұрмыстық электрлік құралдармен пайдалану барысында қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар

Polaris PEG 0503 [24/29] Тұрмыстық электрлік құралдармен пайдалану барысында қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар
24
Өрттің пайда болуын алдын-алу, электр тогымен зақымданбау, құралды пайдалану барысында жарақаттан сақтанып, оны бүлдірмеу үшін
мультипісіргішті қолдану барысында қауіпсіздіктің негізгі шараларын, сондай-ақ электр құрылғыларымен жұмыс атқару барысында қауіпсіздік
бойынша жалпы нұсқауларды қатаң түрде қадағалаңыз.
7. ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТРЛІК ҚҰРАЛДАРМЕН ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Құрал тек қана тұрмыста пайдалануға арналған. Құралды коммерциялық мақсатта ұзақ уақыт бойы пайдалану құралдың істен шығуына, зақымдалуына немесе адамдардың денсаулығына
нұқсан келтіруіне әкеп соғуы мүмкін.
Құрал осы нұсқаулыққа сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Аталмыш құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі мен
тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құралмен ойнауына
жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Құралды іске қоспас бұрын осы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты толығымен мұқият түрде оқып шығыңыз.
Әр жолы құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның ақауы анықталған жағдайда, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Құрал еденге төнкеріліп, құлап түсіп кеткен жағдайда және ақауы анықталған жағдайда, құралды пайдаланбаңыз. Құралды пайдаланбас бұрын білікті мамандар
қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ғана тексеріп шығуы тиіс.
Құралды және оның желілі сымын ыстықтан, тікелей күн сәулесінің түсуінен, ылғалданудан сақтаңыз.
Назар аударыңыз! Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.
Құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға салуға мүлдем болмайды. Ылғал қолмен құралды ұстауға болмайды. Құрал дымқылданса, оны бірден желіден
ажыратыңыз.
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз. Және бұл кезде қолды суға малуға болмайды. Құралды екінші мәрте пайдаланудың алдында оны
білікті маман тексеріп шығуы керек.
Құралды тек қана ауыспалы ток көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Құралды тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосады. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жерге тұйықталу бекітілген электр техникалық нормаларға
сәйкес келуі тиіс. Стандартты емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға болмайды.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның ауыстырып қосатын тетігі өшірілу белгісінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралдың сүйiр бұрыштарға соғылуынан сақтаңыз. Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал
сынып қалса оны әрдайым желіден ажыратыңыз.
Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап желіден ажыратуға тыйым салынады. Құралды желіден ажыратқанда
штепсельді айыршадан ұстаңыз.
Жинағына кірмейтін қосымша аксессуарларды пайдалану Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Құралмен пайдаланып болғаннан кейін, оның электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп
соғуы мүмкін. Қашанда сақтау үшін сымды жақсылап тарқатыңыз.
Сымды тек қана білікті мамандар қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана ауыстыра алады. Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны
қауiп-қатерге ұшыратуы мүмкін.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының білікті мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқалы қосалқы бөлшектер пайдаланылады

Содержание

Скачать