Polaris PEG 0503 Руководство по эксплуатации онлайн [28/29] 781664

Polaris PEG 0503 Руководство по эксплуатации онлайн [28/29] 781664
28
0,5 ш.қ. бал (талғам
бойынша) қажет
Люля-кебаб
Тауықтан барбекю
Құрамы:
Сүйегі жоқ 400 г қой еті
30 г қойдың майы
1 пияз
50 г қызыл шарап немесе
анар шырыны
көк пияздың 5 сабағы
Ақжелкен мен кинзаның
6 бұтағы
Бұрыш, тұз
Әзірлеу тәсілі:
Құрал мен өнімдерді дайындаңыз.
Қой еті мен майды бір рет еттартқыштан өткізіңіз. Оған
пияз бен хош иісті шөпті қоса. Тартылған етті тұздаңыз,
бұрыш пен құрғақ қызыл шарапты қосыңыз. Шыққан
қоспаны жақсылап араластырыңыз және
тоңазытқышқа 30 минутқа салып қойыңыз. Ет
маринадталған соң қолыңызды суық сумен жуыңыз
да, диаметрі 2-3 см етіп еттен доңғалақшаларды
жасаңыз. Таяқшаларға кигізіп, 20-25 минут әзірлеңіз.
Құрамы:
0.5 кг тауықтың жон еті
Маринад ұшін:
3 ас қ. кетчуп
1 ас қ. қыша
3 ас қ. соя тұзығы
3 ас қ. бал
1 ас қ. зәйтүн майы
Сарымсақтың 1 тісі
Әзірлеу тәсілі:
Құрал мен өнімдерді дайындаңыз.
Етті жуыңыз, қабықшалардан тазартыңыз және 3х3 см
өлшеммен кесектерге кесіңіз. Сарымсақты ұсақ етіп
тураңыз. Маринадқа арналған өнімдерді тостақта
араластырыңыз, оған ет кесектерін салыңыз. Арнайы
тағам қабықшасымен жауып, тоңызытқышқа бір түнге
салып қойыңыз. Немесе бөлме температурасында 3-4
сағатқа қалдырып қойыңыз (одан артық емес). Етті
таяқшаларға кигізіңіз. Таяқшаларды құралға
орнатыңыз және шамамен 25-30 минут қуырыңыз
Маринадтағы асшаян
Шошқа етінен әзірленген кәуап
Құрамы:
Орта өлшемді 12 асшаян
Маринад үшін:
0,5 ш.қ. ірі ұнтақталған
чили бұрышы
1/4 стақан зәйтүн майы
тұз
Езілген сарымсақтың 1
тісі
Әзірлеу тәсілі:
Құрал мен өнімдерді дайындаңыз.
Маринадқа арналған өнімдерді тостақта
араластырыңыз, асшаянды сауытынан тазалап, тұтас
етті маринадқа 30 минутқа салыңыз. Шығарыңыз,
маринадтан тазартып, таяқшаларға кигізіңіз.
Таяқшаларды құралға орнатыңыз және шамамен 10-
15 минут әзірлеңіз.
Құрамы:
800 г шошқа еті (сан ет)
3 пияз
1 стақан құрғақ қызыл
шарап
Тұз, қара ұнтақталған
бұрыш
1 ас қ. аджика
Әзірлеу тәсілі:
Құрал мен өнімдерді дайындаңыз.
Пиязды ашыңыз, жуыңыз, жарты бөлігін доңғалақша
етіп кесіңіз, жартысын үккіште үгіңіз.
Етті жуыңыз, құрғатыңыз, кесек етіп кесіңіз. Тостаққа
салыңыз, тұздаңыз, бұрыш салыңыз, үгілген пияз,
аджика мен шарапты қосыңыз. Жақсылап
араластырыңыз. Үстіне доңғалаша етіп кесілген
пиязды салыңыз. 3-4 сағатқа маринадталу үшін
тоңазытқышқа салып қойыңыз.
Етті пияз доңғалақшаларымен кезек кезек
таяқшаларға кигізіңіз. Майлы кесектерді таяқшаның
жоғарғы бөлігіне орналастырыңыз, бұл қуыру
барысында бөлінетін май еттің өзге кесектеріне ағуы
үшін жасалған әрекет.
Таяқшаларды құралға орнатыңыз және 30-35 минут
әзірлеңіз.
Шампиньоннан кәуап
Құрамы:
600 г ұсақ шампиньон
200 г майонез
Тұз, дәмдеуіштер
Әзірлеу тәсілі:
Құрал мен өнімдерді дайындаңыз.
Саңырауқұлақты жуыңыз, құрғатыңыз, терең тостаққа
салыңыз. Тұздап, дәмдеуіштерді қосып, майонез
салыңыз. Жақсылап араластырыңыз, арнайы тағам
қабықшасымен жауып, тоңазытқышқа бір түнге
салыңыз. Содан соң саңырауқұлақтарды тағы да
араластырыңыз, таяқшаларға кигізіңіз. Таяқшаларды
құралға орнатыңыз және саңырауқұлақ барлық
жағынан қыздырылмайынша қуырыңыз.

Содержание

Скачать