Bosch GSB 1600 RE [41/91] Бұрғылау патронын бөлшектеу f суретін қараңыз

Bosch GSB 1600 RE [41/91] Бұрғылау патронын бөлшектеу f суретін қараңыз
Қазақ | 41
Бұрғылау тереңдігін реттеу (A суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішімен (13) қажетті бұрғылау
тереңдігінX реттеуге болады.
Тереңдік шектегішін реттеу түймесін (10) басып, тереңдік
шектегішін қосымша тұтқаға енгізіңіз.
Тереңдік шектегішінің (13) бұдыр жағы төмен қарап
тұруы қажет.
Тереңдік шектегішін (13), бұрғы ұштығы мен тереңдік
шектегіші (13) ұшының арасындағы қашықтық қажетті X
бұрғылау тереңдігіне сәйкес келетіндей, тартыңыз.
Құралды алмастыру
Жылдам қысқыш бұрғылау патроны (B суретін
қараңыз)
Жылдам қысқыш бұрғылау патронының (1) артқы
гильзасын (3) берік ұстап тұрыңыз және алдыңғы
гильзаны (2) құралды енгізу мүмкін болғанша
бағытымен бұраңыз. Құралды орнатыңыз.
Жылдам қысқыш бұрғылау патронының (1) артқы
гильзасын (3) ұстап тұрыңыз және алдыңғы гильзаны (2)
шерту дыбысы естілмегенше бағытымен қолмен
бұраңыз. Бұрғылау патроны автоматты түрде бекітіледі.
Бекіткіш құралды шығару үшін алдыңғы гильзаны (2)
қарама-қарсы бағытпен айналдырғанда қайтадан босап
қалады.
Бұрауыш құралдар (C суретін қараңыз)
Қондырма биталарды (15) пайдаланғанда әрқашан
әмбебап ұстағышты (14) пайдаланыңыз. Тек шуруп
басына жарайтын қондырма биталарды пайдаланыңыз.
Бұрап бекіту үшін "Бұрғылау/перфораторлық бұрғылау"
ауыстырып-қосқышын (4) әрдайым "Бұрғылау" белгісіне
орнатыңыз.
Бұрғылау патронын ауыстыру
Бұрғылау патронын бөлшектеу (F суретін қараңыз)
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) бөлшектеу үшін
алты қырлы дөңбек кілтті (16) жылдам қысқыш бұрғылау
патронына (1) салып, айыр тәрізді кілтті (17) (SW12)
жетек шпинделінің кілт жазықтығына қойыңыз.
Электр құралын тұрақты бетке, мысалы, верстакқа
қойыңыз. Айыр тәрізді кілтті (17) нық ұстап тұрып,
жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) алты қырлы
дөңбек кілтті (16) айналу бағытымен бұрау арқылы
босатыңыз. Берік орнатылған жылдам қысқыш бұрғылау
патроны азғантай соққымен алты қырлы дөңбек кілттің
(16) ұзын білігінде босатылады. Алты қырлы дөңбек кілтті
жылдам қысқыш бұрғылау патронынан шығарып,
жылдам қысқыш бұрғылау патронын толықтай бұрап
шығарыңыз.
Бұрғылау патронын орнату (G суретін қараңыз)
Жылдам қысқыш/тісті тоғыны бар бұрғылау патронын
орнату әрекеті кері реттілікпен орындалады.
Бұрғылау патронын шамамен 30 – 35 Нм
тарту моментімен бекемдеу қажет.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс
істеуге болады.
Айналу бағытын реттеу (D – E суреттерін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (9) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (7) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын (9) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (9) оңға тірелгенше
басыңыз.
Жұмыс режимін реттеу
Бұрғылау және бұрау
Ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрғылау"
белгісіне жылжытыңыз.
Соққымен бұрғылау
Ауыстырып-қосқышты (4) "Соққымен
бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.
Ауыстырып-қосқыш (4) тіреліп, қозғалтқыш
жұмыс істеп тұрғанда да қолданылуы мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (7) басып
тұрыңыз.
Басылған ажыратқышты (7) бекіту үшін бекіту түймесін
(6) басыңыз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 53F | (01.12.2020)

Содержание

Похожие устройства

Скачать