Haier HOQ-F5AABX [101/161] Маңызды

Haier HOQ-F5AABX [101/161] Маңызды
47
Тұмшапештің шамын ауыстыру
Ескертпе: Кепілдік тұмшапештің шамын ауыстыруды қамтымайды. Шам
тұмшапештің төбесінде, алдыңғы жақта ортада орналасқан.
Кейбір модельде қуаты 25 Вт, 220–240 В, 50 Гц-ке шақталған галогенді
G9 шамдары қолданылады.
Ауыстыратын шамды жұмсақ шүберекпен ұстаңыз. Шамды қолмен ұстау
оның қызмет ету мерзімін қысқартады.
Шамды ауыстыру
1. Шамды ауыстырар алдында тұмшапештің қуысы мен грильдің
қыздырғыш элементі толық суыған болуы керек.
МАҢЫЗДЫ!
Жұмысты жалғастырмас бұрын, тұмшапешті розеткадан ажыратыңыз.
2. Әйнек қақпағын сағат тіліне қарсы бұрап босатыңыз.
3. Істен шыққан галогенді шамды абайлап алыңыз.
4. Ақырын жаңа шамды орнатыңыз.
5. Сағат тілі бойынша бұрап, әйнек қақпағын бекітіңіз.
6. Тұмшапешті қайта қосып, уақытын қойыңыз (нұсқаулықтар "Алғаш
қосу" бөлімінде жазылған).

Содержание

Скачать