Haier HOQ-F5AABX [90/161] Күтім жасау және тазалау

Haier HOQ-F5AABX [90/161] Күтім жасау және тазалау
36
КҮТІМ ЖАСАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
НЕ? ҚАЛАЙ? МАҢЫЗДЫ!
$
%
&
inner
outer
middle
Қолмен тазалау
ӘРҚАШАН ЕШҚАШАН
• Тазалау немесе техникалық қызмет
көрсету операциясын жүргізбес
бұрын алдымен тұмшапештің қауіпсіз
температураға дейін суығанын күтіңіз,
содан кейін бауын розеткадан суырып
алып, қорек көзінен ажыратыңыз.
• Тұмшапешті тазалар алдында тазалау
туралы осы нұсқаулықты, нақтырақ
айтқанда, "Қауіпсіздік және ескертулер"
бөлімін оқыңыз.
• Ластануды болдырмау үшін және оны жою
қиын болмауы үшін, әр қолданғаннан кейін
тұмшапештен сұйықтық, тамақ қалдықтары
мен май дақтарын мүмкіндігінше алып
тастау ұсынылады.
• Бу тазартқышты пайдалануға жол берілмейді.
• Тұмшапеште тұтанғыш материалдар сақтауға
тыйым салынады.
• Ешқашан қатты немесе абразивті тазалағыш
құралдар, шүберек немесе сым жөке
пайдаланбаңыз. Кейбір нейлон жөкелер де эмальді
сыруы мүмкін. Алдымен затбелгісін тексеріңіз
• Ешқашан каталитикалық панельдерге тұмшапеш
тазалайтын құралдар пайдаланбаңыз.
• Еш уақытта тұмшапеш бетінде сілті (тұзды
сұйықтық) немесе қышқыл заттар (мысалы, лимон
шырыны немесе сірке суы) қалдырмаңыз.
• Ешқашан хлор немесе қышқылдарға негізделген
құралдарды пайдаланбаңыз.
Әйнек беттер
(тұмшапеш
есігінің әйнегі,
басқару панелі)
Есік үш әйнек панельден тұрады.
Әйнек панельді тазалау үшін,
алдымен есік пен ішкі панельді алу
керек. Нұсқаулықтар "Есік әйнегін
тазалау үшін, алу және ауыстыру"
бөлімінде жазылған.
1. Жұмсақ жуғыш құрал немесе ас
содасы мен ыстық су қосындысынан
жасалған ерітіндімен тазалап,
құрғатып сүртіңіз.
2. Әйнек тазалағышпен сүртіп, түксіз
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
• Әйнек беттерді тазалау үшін,
тұмшапеш тазалайтын құралдарды
немесе басқа да абразивті
құралдарды, шүберек, металл
ысқыш, болат жөке немесе
өткір металл қырғыштарды
пайдаланбаңыз. Олар әйнекті
сырып, арнайы жабынын
зақымдауы мүмкін, бұл өз кезегінде
оның шытынап, бүлінуіне әкеледі.
• Тіпті ішкі панельді (С) тазаласаңыз
да, алдымен есік пен панельді
алыңыз. Әйнекті есік панелін алмай
тазалау тазалағыш сұйықтықтың
саңылауларға ағып, ішкі бөліктерде
қатып қалуына әкелуі мүмкін.
• Басқару панелінің әйнегін
тазалағанда аса сақ болыңыз.
Тек жуғыш құрал мен шүберек
пайдаланыңыз.
ішкі
сыртқы
ортаңғы

Содержание

Скачать