Hikoki C6SS [21/32] Қазақстан

Hikoki C6SS [21/32] Қазақстан
21
Қазақстан
2. Аралау полотносын бекіту
(1) Шпиндельде, бұрандамада жəне шайбаларда
жиналған бүкіл аралау шаңын мұқият кетіріңіз.
(2) 6-сур. көрсетілгендей, шығыңқы ортасының диаметрі
аралау полотносының жəне шайбаның ойыс
жағымен (В) ішкі диаметрімен бірдей шайбаны (А)
аралау полотносының жақтарына орнату керек.
* Шайба (А) аралау полотноларының 2 түрі үшін
қамтамасыз етіледі: тесік диаметрі 20 мм жəне
30 мм. (Циркулярлық араны сатып алғанда
шайбаның бір түрі (А) қамтамасыз етіледі).
Аралау полотносы тесігінің диаметрі шайбаныкіне
(А) сəйкес болмаса, циркулярлық араны сатып
алған дүкенге хабарласыңыз.
(3) Аралау полотносының тиісті айналу бағытын
қамтамасыз ету үшін аралау полотносындағы көрсеткі
бағыты ара қақпағындағы көрсеткі бағытымен бірдей
болуы керек.
(4) Саусақтарды пайдаланып аралау полотносын
ұстайтын алты қырлы ұяшығы бар бұрандаманы
мүмкіндігінше тартыңыз. Содан кейін құлыптау
иінтірегін басып, шпиндельді құлыптаңыз жəне алты
қырлы ұяшығы бар бұрандаманы қатты тартыңыз.
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
Аралау полотносын бекітуден кейін құлыптау иінтірегі
белгіленген күйде қатты бекітілгенін қайтадан тексеріңіз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖƏНЕ
ТЕКСЕРУ
1. Аралау полотносын тексеру
Өтпес аралау полотносын пайдалану тиімділікті
нашарлатады жəне ықтимал мотор ақаулығын
тудырады, сондықтан үйкелісті байқай сала аралау
полотносын өткірлеңіз немесе ауыстырыңыз
2. Бекіту бұрандаларын тексеру
Барлық бекіту бұрандаларын жүйелі түрде тексеріп,
тиісті түрде тартылғанына көз жеткізіп отырыңыз.
Бұрандалардың кез келгені босаса, дереу қайта
тартыңыз. Бұлай істемеу ауыр қауіпке əкелуі мүмкін.
3. Моторға техникалық қызмет көрсету
Мотор блогының орамы электр құралдың «жүрегі»
болып табылады.
Орам зақымдалмауын жəне/немесе маймен немесе
сумен ылғалданбауын қамтамасыз ету үшін тиісті
шараларды қолданыңыз.
4. Көмір қылшақтарын тексеру
Тұрақты қауіпсіздігіңіз жəне тоқ соғуынан қорғау
үшін осы құралда көмір қылшақты тексеруді жəне
ауыстыруды ТЕК HiKOKI компаниясының өкілетті
сервистік орталығы орындауы керек.
5. Қуат сымын ауыстыру
Қуат сымын ауыстыру керек болса, қауіпсіздік қаупін
болдырмау үшін мұны өндірушінің агенті орындауы
керек.
6. Перпендикулярлықты қамтамасыз ету үшін негіз
бен аралау полотносын реттеу
Негіз бен аралау полотносы арасындағы бұрыш 90°-
қа реттелген, дегенмен бұл перпендикулярлық бір
себеппен жоғалса, келесідей реттеңіз:
(1) Негізді жоғары қаратып бұрыңыз (7-сур.) жəне
құлақты бұрандаманы босатыңыз (3-сур.).
(2) Негізге жəне ара полотносына шаршыны тигізіп,
оймакілтекті басы бар бұрауышпен оймакілтекті
орнату бұрандасын бұрып, қажеті тік бұрышқа жету
үшін негіздің қалпын өзгертіңіз.
7. Төменгі қорғағышқа техникалық қызмет көрсету
Қауіпсіз жəне тиісті түрде жұмыс істеу үшін машинаны
жəне желдету саңылауларын əрқашан таза күйде
ұстаңыз. Төменгі қорғағыш əрқашан еркін қозғала
алуы жəне автоматты түрде жинала алуы керек.
Сондықтан төменгі қорғағыштың айналасындағы
аумақты əрқашан таза күйде ұстаңыз. Қысымдалған
ауамен үрлеу немесе қылшақ арқылы шаңды жəне
майда сынықтарды кетіріңіз.
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
Электр құралдарын пайдалнау жəне техникалық
қызмет көрсету кезінде əрбір елде белгіленген
қауіпсіздік ережелерін жəне стандарттарын сақтау
керек.
КЕПІЛДІК
Біз HiKOKI электр құралдары заң/ел ережелеріне сай
екеніне кепілдік береміз. Бұл кепілдік дұрыс емес
пайдалануға, теріс пайдалануға немесе қалыпты тозуға
жəне сынуға байланысты ақауларды немесе зақымды
қамтымайды. Шағымыңыз болса, бөлшектелмеген
электр құралды осы пайдалану нұсқаулығының
соңындағы КЕПІЛДІК СЕРТИФИКАТЫМЕН бірге HiKOKI
компаниясының өкілетті сервистік орталығына жіберіңіз.
ЕСКЕРТПЕ
HiKOKI компаниясының үздіксіз зерттеу жəне даму
бағдарламасына байланысты осы құжаттағы техникалық
сипаттамалар алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
000BookC6SS.indb21000BookC6SS.indb21 2019/09/1917:23:482019/09/1917:23:48

Содержание

Похожие устройства

Скачать