Philips HF3650/70 Wake-up Light [41/58] Абайлаңыз

Абайлаңыз
-
Егер шамныңкорпусы зақымдалған, сынық немесе жоқ болса, құрылғыны
пайдаланушы болмаңыз.
-
Адаптер, сым немесе құрал белгілі бір жолмен зақымдалса, құралға
сұйықтық төгілген немесе нысандар құлаған болса, жаңбыр немесе ылғал
әсер еткен құрал қалыпты жұмыс істемесе, құласа немесе зақымдалса,
ол пайдаланылмауы керек.
-
Тыныс алу жаттығуында RelaxBreathe пайдаланған кезде жайсыз
сезінсеңіз, жай ғана қалыпты тыныс алуды жалғастырыңыз.
-
Осы құралға қосымша берілген адаптермен ғана қолданыңыз.
-
Адаптер (сым) зақымдалған жағдайда, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны
тек түпнұсқасымен ауыстыру керек.
-
Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі,
сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның
ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
-
Егер бұрын ауыр депрессияңыз болған немесе қазір депрессияңыз
болса, құралды қолданбас бұрын дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
-
Ұйқы уақытын азайту үшін осы құралды пайдалануға болмайды. Бұл
құрал мақсаты — оңай оянуға көмектесу. Бұл ұйқы қажеттілігін
азайтпайды.
Абайлаңыз
-
Құрылғыны қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті кернеуіне
сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
-
Қуат сымының әсіресе штепсельдік ұштарын, қабырға розеткаларын
және олардың шамнан шығатын жерлерін басылып немесе қысылып
қалудан қорғаңыз.
-
Адаптерге зақым келтірмеу үшін электрлік ауа тазалау құралы бар
қабырға розеткалары жанында адаптерді пайдаланбаңыз.
-
Құрылғыны еденге түсіріп алмаңыз, қатты соқпаңыз немесе оған басқа
қатты соққылардың әсерін тигізбеңіз.
-
Құралды орнықты, тегіс және тайғақ емес жерге орналастырыңыз.
-
Құрылғыға көрпе, перде, киім, қағаз, т.б. сияқты элементтерді жабу
арқылы құралды суытуға кедергі келтірмеңіз.
-
Құралды бөлме температурасы 10°C төмен немесе 35°C жоғары болған
жағдайда қолдануға болмайды.
-
Құралда қосу/өшіру қосқышы жоқ. Құралды ажырату үшін, қабырға
розеткасынан адаптерді ажыратыңыз. Адаптер барлық уақытта
қолжетімді болуы керек.
-
Бұл құрылғы тек үй жағдайында, оның ішінде қонақ үйлерде қолдануға
арналған.
-
Құралға жағылған майшам сияқты ашық жалын көздерін қоюға болмайды.
Жалпы ақпарат
-
Егер сіз жиі тым ерте немесе бас аурумен оянатын болсаңыз, орнатылған
жарық қарқындылығы деңгейін және орнатылған күн шығысын үлгілеу
уақытын төмендетіңіз.
41
Қазақша

Содержание

Похожие устройства

Скачать