Samsung RT38K5535S8/WT [106/164] Ақаулықты түзету

Samsung RT38K5535S8/WT [106/164] Ақаулықты түзету
Қазақ50 
Ақаулықты түзету
Тоңазытқышқа қатысты түсініксіз жағдайға кез болсаңыз, әуелі төмендегі кестені қарап, ұсыныстарды
қолданып көріңіз.
Жалпылама ақпарат
Белгісі Әрекет
Жұмыс
істемейді немесе
салқындатпайды.
Қуат сымының дұрыс қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Температура тетігінің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Тоңазытқышты тура түсетін күн көзінен немесе қызу көзінен алысқа
қойыңыз. Бұл нұсқау орындалмаса, салқындату қарқынына әсер етуі
мүмкін.
Тоңазытқыш пен артқы және бүйір жақ қабырғалардың немесе шкаф
арасында жеткілікті орын болуын қамтамасыз етіңіз. Бұл нұсқау
орындалмаса, салқындату қарқынына әсер етуі мүмкін.
Тағам өте көп салынса, тоңазытқыштың желдетуін бөгейді.
Тоңазытқыштың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оған көп
тағам салмаңыз.
Тоңазытқыштың
ішіндегі тағам
мұздайды.
Температура реттегіштің ең төменгі температурада тұрғанына көз
жеткізіңіз. Олай болса, температураны жоғарырақ немесе оңтайлы
немесе қалпына қойыңыз.
Ортаның температурасы тым төмен болса осындай жағдай орын
алады. Жоғарырақ температураны орнатыңыз.
Құрамында суы көп тағамның тоңазытқыштың ең суық жеріне немесе
салқындату саңылауына жақын қойылғанын тексеріңіз. Осылай болса,
тағамды тоңазытқыштың басқа сөрелеріне ауыстырыңыз.
Шуыл шығады.
Тоңазытқыштың орнықты, тегіс жерге қойылғанына көз жеткізіңіз.
Тоңазытқыш пен артқы және бүйір жақ қабырғалардың немесе шкаф
арасында жеткілікті орын болуын қамтамасыз етіңіз.
Тоңазытқыштың ішкі немесе астыңғы жағын қоқыстан немесе бөгде
заттардан таза ұстаңыз.
Құрылғының ішкі жағынан сырылдаған дыбыс естілуі мүмкін, бұл әр
түрлі алмалы бөліктердің тартылуына немесе ісінуіне байланысты. Бұл
жүйенің ақауы емес.
Алдыңғы бұрыштары
мен бүйір жақтары
жылып, оларға
конденсат тұруы
мүмкін.
Конденсаттың пайда болуына жол бермеу үшін тоңазытқыштың
алдыңғы бұрыштарына қызуға төзімді түтіктер орнатылған. Бұл
құрылғы ортаның температурасы жоғарыласа дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін. Бұл жүйенің ақауы емес.
Ылғалды ауа тоңазытқыштың салқын бетіне тигенде, тоңазытқыштың
сыртқы бетіне конденсат тұруы мүмкін.
Мұздатқыш мұз
жасамайды.
Тоңазытқыш мұз жасағанша 12 сағат күтуіңіз керек.
Мұз жасағыштың мұз жасап тұрғанда тоқтап қалмағанына көз жеткізіңіз.
Мұздатқыштың 0 °C градустан (немесе жылы ортада -5 °C) төмен
температураға қойылғанын тексеріңіз.
Су сауытында су бар екеніне көз жеткізіңіз.
Ақаулықты түзету
Untitled-9 50 2021-02-26  4:30:14

Содержание

Скачать