Samsung RT38K5535S8/WT [89/164] Қадам 4 деңгейі реттегіш тіректерді ретке келтіріңіз

Samsung RT38K5535S8/WT [89/164] Қадам 4 деңгейі реттегіш тіректерді ретке келтіріңіз
Қазақ 33
Орнату
ҚАДАМ: 4 Деңгейі реттегіш тіректерді ретке келтіріңіз
Тоңазытқыштың деңгейін реттегіш тіректерін
қолмен реттеп, деңгейлеңіз. Деңгейлегіш тіректерін
сағат тілінің бағытымен бұрап төмендетіңіз
немесе керісінше бұрап биіктетіңіз. Қауіпсіз болу
үшін алдыңғы тіректерін артқы тіректерден сәл
биіктетіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тоңазытқышты орнынан жылжыту алдында,
тоңазытқыштың астыңғы жағын еденнен кемінде
66 мм жоғары көтеру үшін деңгейлегіш тіректерді
сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
ҚАДАМ: 5 Бастапқы параметрлер
Келесі қадамдарды орындағаннан кейін, тоңазытқыш толық іске қосуға дайын.
1. Тоңазытқышты іске қосу үшін қуат сымын қабырғадағы розеткаға жалғаңыз.
2. Есікті ашыңыз да, ішкі жарық шамының жанатын-жанбайтынын тексеріңіз.
3. Температураны ең суық температураға қойып, шамамен бір сағат күтіңіз. Содан кейін, мұздатқыш
шамалы салқындайды да, қозғалтқыш қалыпты жұмыс істейді.
4. Тоңазытқыш орнатылған температураға жеткенше күтіңіз. Енді тоңазытқыш пайдалануға дайын.
ҚАДАМ: 6 Соңғы тексеру
Орнатып болғаннан кейін келесіні тексеріңіз:
Тоңазытқыштың электр көзіне қосылғанын және жерге дұрыс тұйықталғанын.
Тоңазытқыштың қабырғадан немесе шкафтан жеткілікті қашықтықта, тегіс, орнықты жерге қойылғанын.
Тоңазытқыштың орнықты екенін және еденге орнықты қойылғанын.
Есіктің еркін ашылып-жабылатынын және есік ашылғанда ішкі жарық шамының автоматты түрде
жанатынын.
Untitled-9 33 2021-02-26  4:30:11

Содержание

Скачать