Samsung RT38K5535S8/WT [80/164] Қауіпсіздік туралы ақпарат

Samsung RT38K5535S8/WT [80/164] Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қазақ24 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Жібіту кезінде температураның көтерілуі ISO талаптарына
сай келеді. Құрылғыны жібіту барысында тоңазытқыш ішіндегі
мұздатылған тағам температурасының жоғарылап кетуін
қаламасаңыз, мұздатылған тағамды бірнеше қабат газетке
ораңыз.
Мұздатылған тағамды әбден жібітіп болғаннан кейін қайта
мұздатпаңыз.
Екі жұлдыз таңбасы салынған бөлімнің (бөлімдердің)
немесе екі жұлдыз белгісі бар ( ) бөліктің (бөліктердің)
температурасы, басқа мұздатқыш бөлікке (бөліктерге)
қарағанда сәл жоғарырақ.
Екі жұлдызы бар бөлім (бөлімдер) немесе бөлік (бөліктер)
құрылғыны жеткізген кездегі нұсқауларға және/немесе
жағдайларға сай келеді.
Қуатты үнемдеу туралы кеңес
Құрылғыны салқын, құрғақ, жеткілікті түрде желдетілетін
жерге орнатыңыз. Құрылғыны күн сәулесі тура түсетін және
қызу көздерінен (мысалы, батарея) жылу тура келетін жерге
қоймаңыз.
Қуатты пайдалану тиімділігін сақтау үшін саңылаулар мен
торларды бітемеуді ұсынамыз.
Жылы тағамды тоңазытқыш ішіне қояр алдында
салқындатыңыз.
Мұздатылған тағамды тоңазытқышқа қойып жібітіңіз. Содан
кейін мұздатылған тағамдардың төмен температурасын,
тоңазытқыштағы тағамды салқындату үшін қолдануға болады.
Untitled-9 24 2021-02-26  4:30:09

Содержание

Скачать