Gorenje NRKI418FP2 [47/107] Орнату және жалғау

Gorenje NRKI418FP2 [47/107] Орнату және жалғау
11
ОРНАТУ ЖӘНЕ ЖАЛҒАУ
БӨЛМЕНІ ТАҢДАУ
Аспапты құрғақ, желдетілетін бөлмеге орнатыңыз. Аспаптың дұрыс жұмыс жасауына арналған
қоршаған ортаның қол жетімді температурасы оның климаттық класына байланысты болады.
Климаттық класс аспап шильдінде көрсетілген.
Климаттық класс Температура
Салыстырмалы
ылғалдық
SN (субқалыпты) +10 - +32°C аралығында
≤75%
N (қалыпты) +16 - +32°C аралығында
ST (субтропикалық) +16 - +38°C аралығында
T (тропикалық) +16 - +43°C аралығында
Аспап орнатылған бөлмедегі температура +5°С-ден төмен түспеуі тиіс, өйткені бұл аспап
жұмысындағы ақауларға немесе оның бұзылуына алып келуі мүмкін.
ii
Орнатқаннан кейін аспаптың байланыстыру кабелінің ашасына еркін қатынау қамтамасыз
етілуі тиіс.
Аспапты жылу шығаратын құрылғыларға, мысалы, плиталарға, жылыту радиаторларына,
бойлерлерге, сонымен қатар күн сәулесі тікелей түсетін аймақтарға жақын орнатпаңыз.
Аспаптан электрлік немесе газ плитаға дейінгі минималды арақашықтық 3 сантиметр, майлы
пешке немесе қатты отынмен жұмыс жасайтын құрылғыға дейін 30 сантиметр. Егер аталған
арақашықтықты ұстану мүмкін емес болса, арнайы оқшаулағыш панельді қолданыңыз.
Ескерту! Аспапты кең бөлмеге орнатыңыз. Хладагенттің 8 грамына бөлменің кемінде 1 м³ талап
етіледі. Хладагент мөлшері аспап шильдінде көрсетілген.
Аспап кірістірілетін асхана шкафының түбінде салқындататын ауа беріліп тұратын ауданы
200 см
2
кем емес саңылауды қарастыру қажет. Ауа сыртқа асхана шкафының жоғарғы бөлігі
арқылы шығады, сондықтан жоғарғы желдету саңылауын бітемеңіз.
Осы шартты орындамау аспаптың сынуына алып келуі мүмкін.
KZ

Содержание