Gorenje NRKI418FP2 [57/107] Аспапты жабдықтау

Gorenje NRKI418FP2 [57/107] Аспапты жабдықтау
21
АСПАПТЫ ЖАБДЫҚТАУ
(* МОДЕЛІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ)
СӨРЕ
БӨТЕЛКЕЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕТАЛЛ СӨРЕ*
Тоңазыту бөлігінің ішіндегі сөрелерді
тоңазытқыштан алмай түрлі биіктікке
ауыстырып қоюға болады. Сөрені алдын
ала тағамдардан босатып алыңыз. Сөренің
орнын ауыстыру немесе шығарып алу үшін
оны артынан сәл көтеріңіз, өзіңізге қарай
тартып, басқа деңгейге ауыстырыңыз
немесе шығарып алыңыз.
Жылдам бұзылатын өнімдерді сөренің
температурасы төмен болатын артқы
бөлігінде сақтаңыз.
1
2
Кейбір модельдер бөтелкелерге арналған
металл сөремен жабдықталған. Сөре
құлаудан қорғалған. Алар алдында
сөрелерді босатып алыңыз. Сөрені алу
үшін оны артынан көтеріп, өзіңізге қарай
тартыңыз. Сөрені бөтелкелер есікті жабуға
кедергі келтірмейтіндей етіп орнатыңыз.
Сөреде алюминий банкалардағы сусындарды да сақтауға болады (көлденең және тік
күйде).
KZ

Содержание