Gorenje NRKI418FP2 [50/107] Есікті ашу бағытын өзгерту

Gorenje NRKI418FP2 [50/107] Есікті ашу бағытын өзгерту
14
ЕСІКТІ АШУ БАҒЫТЫН ӨЗГЕРТУ
Таңдалған орнату орнына байланысты есіктің оңға емес (өндіруші зауытта орнатылғандай),
солға ашылатындай етіп қайта орнатуға болады.
Назар аударыңыз! Есікті қайта орнатар алдында аспапты электр қорегінен ажыратыңыз.
Байланыстыратын кабель ашасының розеткадан ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Қажетті құрал:
1. Ұшты бұрауыш 8 мм
2. Айқастырылған бұрауыш
3. Шпатель немесе жұқа тегіс бұрауыш
Ескертпе. Егер тоңазытқыштың негізіне қатынау қажет болса, оны қисайтып, тоңазытқышты
бүлдіріп алмау үшін жұмсақ пенопласт материалға орналастырыңыз.
1. Тоңазытқышты көлденеңінен қойыңыз. Жоғарғы есікті ашыңыз, оларды бүлдіріп алмау
үшін барлық сөрелерін алыңыз және есікті жабыңыз.
2. Жоғарғы топсаны бұрап, алыңыз. Жоғарғы есікті көтеріп, ортаңғы топсадан ақырын
ағытып алыңыз. Есікті алдыңғы панелін жоғары қаратып, жұмсақ бетке орналастырыңыз.
KZ

Содержание