Gorenje NRKI418FP2 [60/107] Өнімдерді тоңазыту бөлігінде сақтау

Gorenje NRKI418FP2 [60/107] Өнімдерді тоңазыту бөлігінде сақтау
24
ӨНІМДЕРДІ ТОҢАЗЫТУ БӨЛІГІНДЕ
САҚТАУ
ТАҒАМДАРДЫ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУЛЕР
ii
Аспапты дұрыс пайдалану, тағамдардың тиісті қаптамасы, дұрыс
температураны ұстау және гигиена ережелерін сақтау тағамдарды
сақтау сапасы үшін шешуші мәнге ие.
Тағамдардың қаптамасында көрсетілген сақтау мерзімдерін
ұстаныңыз.
Тоңазыту бөлігінде сақталатын тағамдар иіс пен ылғал шығармау
және басқа тағамдардан сіңіріп алмау үшін тиісті қаптамамен
қапталуы немесе жабық ыдыстарда болуы тиіс.
Тоңазыту бөлігінде тез жанатын, ұшқыш және жарылғыш заттарды
сақтауға болмайды.
Алкоголь құрамы көп сұйықтықтары бар бөтелкелерді тығыз
жабылған, вертикаль күйде сақтаңыз.
Лимонның және апельсиннің қабығында болатын кейбір
органикалық ерітінділер, эфир майлары, майлы қышқылдар пластик
беттермен және нығыздағыштармен ұзақ уақыт бойы жанасқан
кезде олардың бүлінуіне және уақытынан бұрын ескіруіне алып
келеді.
Жағымсыз иіс аспаптың ластанғаны немесе тағамдардың
бұзылғандығы туралы ескертеді («Тазалау» бөлімін қараңыз).
Егер ұзақ уақыт бойы үйде болмасаңыз, тоңазыту бөлігіндегі жылдам
бұзылатын тағамдарды алып тастаңыз.
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ЛАСТАНУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Тағамдардың ластануының алдын алу үшін төменде берілген нұсқауларды орындаңыз.
Есікті ұзақ уақыт ашып тұру аспап бөліктеріндегі температураның айтарлықтай
жоғарылауына алып келуі мүмкін.
Тағам өнімдерімен және қолжетімді дренаж жүйелерімен байланыста болуы мүмкін
беттерді жүйелі түрде тазалап отырыңыз.
Шикі ет пен балықты тоңазытқышта арнайы контейнерлерде сақтаңыз, өйткені ет пен
балық және олардың шырыны басқа өнімдерге әсер етпеуі тиіс.
Егер аспап ұзақ уақыт бойы қолданылмайтын болса, оны өшіріңіз, ерітіңіз, тазалаңыз,
кептіріңіз және аспап ішінде зеңнің пайда болуының алдын алу үшін есігін ашылған күйде
қалдырыңыз.
KZ

Содержание