Samsung WW80A6S28AX/LD [88/220] Қауіпсіздік ақпараты

Samsung WW80A6S28AX/LD [88/220] Қауіпсіздік ақпараты
Қазақ
Қауіпсіздік ақпараты
Қазақ12
Иіс май дүкендерінде сатылатын не массаж салондарында қолданылатын май, крем немесе лосьон тәрізді
заттар ластаған кірлерді жумаңыз.
Себебі резеңке тығыздағыш деформацияланып, су ағуы мүмкін.
Түйреуіш немесе шаш түйреуіштері тәрізді темір заттарды не ағартқышты ұзақ уақыт барабан ішінде
қалдырмаңыз.
Себебі барабанды тот басуы мүмкін.
Егер барабанның бетінде тот пайда болса, оған шайғыш заттан (бейтарап) жағып, жөкемен тазалаңыз.
Ешқашан темір шөткені қолданбаңыз.
Құрғақ жуғыш затты ешқашан тура қолданбаңыз және құрғақ жуғыш зат тұрып қалған киімдерді жумаңыз,
шаймаңыз не айналдырмаңыз.
Себебі майдың тотықтануына байланысты кенет жарылыс шығуы немесе тұтануы мүмкін.
Су салқындататын/қыздыратын құрылғылардың ыстық суын қолданбаңыз.
Кір жуғыш машинада ақау пайда болуы мүмкін.
Кір жуғыш машинада кәдімгі қол сабынды қолданбаңыз.
Егер ол кір жуғыш машинада қатайып, жиналып қалса, бұл құрылғыға, түссізденуге, тот немесе
жағымсыз иістерге әкелуі мүмкін.
Нәски, төс тартқыш тәрізді заттарды кір жуатын торға салып, басқа киімдерге қосып жуыңыз.
Төсек жайма тәрізді үлкен заттарды кір жуатын торға салып жумаңыз.
Бұлай істемеген жағдайда, қалыптан тыс дірілдеу, адамның жарақаттануына себеп болуы мүмкін.
Қатып қалған жуғыш затты қолданбаңыз.
Егер кір жуғыш машина ішіне жиналып қалса, су ағып кетуі мүмкін.
Жуылатын киімдердің барлығының қалталарының бос екеніне көз жеткізіңіз.
Тиын, түйреуіш, тырнақ, бұранда немесе тас тәрізді қатты, өткір заттар құрылғыға аса қатты зиян келтіруі
мүмкін.
Үлкен қапсырмалары, түймелері бар немесе басқа ауыр темір зат тағылған киімдерді жумаңыз.
Кірді түсіне қарай жіктеп, ұсынылған цикл, су температурасы мен қосымша функцияларды таңдаңыз.
Бұл түсінің түсуіне немесе матаның бүлінуіне әкелуі мүмкін.
Есікті жапқан кезде балалардың саусақтары қыстырылып қалмау үшін абай болыңыз.
Нұсқау орындалмаса, жарақат алуы мүмкін.
Оғаш иістер мен зеңнің алдын алу үшін, жуу циклінен кейін барабанды кептіру үшін есікті ашық
қалдырыңыз.
Қақтың жиналуын болдырмас үшін, жуу циклінен кейін жуғыш зат салынатын қорапшаны ашық қалдырып,
ішін құрғатыңыз.
Untitled-2 12 2021-09-30  11:12:48

Содержание

Похожие устройства

Скачать