Candy COS625XL [21/32] Жалпы ақпарат

Candy COS625XL [21/32] Жалпы ақпарат
1. Жалпы ақпарат
Өнімдеріміздің біреуін таңдағаныңыз үшін
алғысымызды білдіреміз. Тұмшапешіңізді қолданған
кезде ең үздік нәтижелерді алу үшін, осы пайдалану
нұсқаулығымен мұқият танысып, оны одан әрі қолдану
үшін сақтау қажет. Тұмшапешті орнатудың алдында,
қажетті жөндеу жағдайында оны қолдау қызметінің
мамандарына айту үшін зауыттық нөміріне назар
аударған жөн. Тұмшапешті қаптамадан алып
шығарғаннан кейін, тасымалдау кезінде туындай алатын
бұзылымдарға тексерген жөн. Күдіктер туындаған
жағдайда, тұмшапешті қолданбаңыз және білікті
техникалық маманның кеңесіне жүгініңіз. Барлық қаптау
материалдарын (полиэтиленді пакеттер, полистирол, ілгектер) балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Тұмшапешті бірінші рет қосқан кезде, тұмшапештің айналасындағы оқшаулау панельдерінде
жабысқақ заттың қызуымен туындайтын күшті түтін иісі пайда бола алады. Бұл қалыпты жағдай. Түтін
пайда болса, оның таралуын күте тұрып, содан кейін тағамды пешке салу керек. Өндіруші осы құжатта
көрсетілген нұсқаулықтар сақталмаған жағдайда жауапкершілік тартпайды.
ЕСКЕРТПЕ: осы нұсқаулықта көрсетілген тұмшапештің атқарымдары, қасиеттері және қосалқы керек-
жарақтары Сіз сатып алған құрылғы үлгісіне байланысты ауытқуы мүмкін.
1.1 Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Тұмшапешті тек қана тағам дайындау болып табылатын мақсатты арналымына сәйкес қолданыңыз. Жылу
көзі сияқты кез келген қолданыс сәйкес келмейтін және қауіпті болып саналады. Өндіруші құрылғыны
тиіссіз, дұрыс емес немесе мақсатқа сай емес қолдану себебінен туындаған кез келген зақымдалу үшін
жауапкершілік тартпайды.
Кез келген электрлік құрылғыны қолдану кейбір негізгі принциптердің сақталуын білдіреді:
- Ашаны розеткадан алып шығару үшін электр қуатының кабелін тартпаңыз;
- Құрылғыны ылғалды немесе дымқыл қолмен ұстамаңыз немесе табанмен баспаңыз;
- Жалпы, бейімдеуіштерді, тармақтағыштарды немесе серпімділігі жоғарғы кабельдерді қолдану
ұсынылмайды;
- Тиіссіз жұмыс істеген жағдайда / немесе нашар жұмыс жағдайында құрылғыны сөндіріңіз және оны
жөндеуге тырыспаңыз.
1.2 Электр қауіпсіздігі
ҚҰРЫЛҒЫ ЭЛЕКТРШІМЕН НЕМЕСЕ БІЛІКТІ ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНМЕН ЭЛЕКТРЛІК ЖЕЛІГЕ
ҚОСЫЛҒАНЫНА КӨЗ ЖЕТКІЗІҢІЗ. Тұмшапеш қосылған қуат көзі пеш орнатылған елде қолданылатын
заңнамаға сәйкес келуі тиіс. Өндіруші осы нұсқаулықтарды орындамау себебінен туындаған пештің кез
келген зақымдалуы үшін жауапкершілік тартпайды. Тұмшапеш жерге тұйықталған электрлік розеткасы
немесе көп полюстік үзгіші бар электр қуатының көзіне пешті орнату елінде қолданылатын заңдарға
байланысты қосылуы тиіс. Электр қуатының көзі тиісті балқымалы ендірмелермен қорғалуы тиіс, ал
қолданылатын кабельдер тұмшапешке электр энергиясының тиісті берілісін қамтамасыз етуге қабілетті
бойлық қимаға ие болуы тиіс.
ҚОСЫЛУ
Тұмшапеш фазалар арасында немесе фаза мен бейтараптама арасында 220-240 кернеуі мен 50 Гц жиілігі
бар тек қана қуат көзіне қосылуы тиіс электр қуатының кабелімен жабдықталған. Пешті қуат көзіне
қосудың алдында мыналарды тексеру қажет:
- Аспапта көрсетілген қуат кернеуі;
- Үзгіштің теңшелімдері.
Тұмшапештің жерге тұйықтау қысқышына қосылған жерге тұйықтау сымы қуат көзінің жерге тұйықтау
қысқышына қосылуы тиіс.
KZ 21

Содержание

Скачать