Candy COS625XL [28/32] Тұмшапешті тазарту жəне техникалық қызмет көрсету

Candy COS625XL [28/32] Тұмшапешті тазарту жəне техникалық қызмет көрсету
4. Тұмшапешті тазарту жəне техникалық қызмет көрсету
4.1 Тазарту бойынша жалпы нұсқаулар
Құрылғыны пайдалану мерзімі үнемі тазарту арқылы арттырыла алады. Тұмшапешті қолмен
тазартудың алдында оны суыту үшін он минут күте тұру қажет. Абразивті жуғыш құралдарды, металл
ысқыштарды немесе өткір заттарды тазарту үшін ешқашан қолданбаңыз, себебі олар эмальмен
жабылған бөлшектерді қайтарымсыз зақымдауы мүмкін. Тек қана суды, сабынды немесе ағартатын
жуғыш құралдарды аммиак) қолдану қажет.
ШЫНЫ БӨЛШЕКТЕР
Тұмшапешті қолданған сайын сіңіргіш материалдан жасалған асүйлік орамаларды қолданып, шыны
терезені сүртіп тұру ұсынылады. Әрең кетірілетін дақтарды жою үшін жуғыш құралы бар жақсылап
сығылған ысқышты қолдануға болады. Кейін пешті сумен шаю қажет. ТҰМШАПЕШТІҢ ТЕРЕЗЕСІНДЕГІ
ТЫҒЫЗДАУЫШ
Ластанған жағдайда тығыздауышты сәл дымқылданған ысқышпен тазартуға болады.
ҚОСАЛҚЫ КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
Сабынды ерітіндіге дымқылданған ысқыштың көмегімен қосалқы керек-жарақтарды тазартыңыз.
Кейін оларды шаю және құрғату қажет. Абразивті жуғыш құралдарды қолданбаған жөн.
ТҮПҚОЙМА
Грильді қолданғаннан кейін түпқойманы алып шығып, ыстық майды контейнерге төгіп, түпқойманы
ысқыш пен жуғыш құралды қолдана отырып жуу қажет.
Егер түпқоймада майлы дақтар қалса, оны жуғыш құралы бар суға батыру қажет. Түпқойманы ыдыс-аяқ
жуатын машинада жуа аласыз немесе тұмшапештерге арналған коммерциялық жуғыш құралды
қолдана аласыз. Ешқашан ластанған түпқойманы қайтадан тұмшапешке салмаңыз.
4.2 Aquactiva /Аквактива функциясы
Аквактива рәсімі пештегі қалдық майды және тамақтың бөлшектерін тазарту үшін буды пайдалануға
мүмкіндік береді.
1. 300 мл суды пештің түбіндегі арнайы Аквактива қуысына құйыңыз.
2. Пештің қызметін Тұрақты қыздыру ( ) немесе Төменгі қыздыру ( ) қалпына қойыңыз.
3. Температураны Аквактива белгісіне белгілеңіз.
4. Бағдарламаны орындау аяқталғанша 30 минут тосыңыз.
5. 30 минут өткеннен кейін бағдарламаны өшіріп және пеш салқындағанша тосыңыз.
6. Құрал салқындаған кезде, оның ішкі бетін шүберекпен тазартыңыз.
Ескерту:
Құралға жанаспас бұрын, оның салқындағанына көз жеткізіп алыңыз.
Барлық ыстық беттерден абай болыңыз, күйіп қалуыңыз мүмкін. Тазартылған немесе ауызсуды
пайдаланыңыз.
Назар аударыңыз: Precò Touch Интерфейсі бар кейбір пиролиттік пештер Аквактива қызметін ұсынады.
Оны іске қосу үшін атқарымды таңдаудың тұтқасын AQUACTIVA ( ) символының қалпына бұраңыз
және «+» және «-» батырмаларының көмегімен пештің температурасын 90°-қа белгілеңіз.
300 ml
KZ 28

Содержание

Скачать