Candy COS625XL [22/32] Ұсынымдар

Candy COS625XL [22/32] Ұсынымдар
1.3 Ұсынымдар
Тұмшапешті қолданған сайын, оның мінсіз тазалығын қамтамасыз ететін ең аз тазартуды орындау
қажет.
Тұмшапештің қабырғаларына алюминий фольгасын немесе дүкенде сатылатын бір реттік қорғанысты
төсемеңіз. Алюминий фольгасы немесе ыстық эмальға тікелей жанасатын басқа қорғаныс шкафтың
ішіндегі эмальді зақымдап, еруі мүмкін.Тұмшапештің шамадан тыс ластануын және қатты түтін иісінің
кейінгі туындауын болдырмау үшін, біз тым төмен температураны қолданбауды ұсынамыз. Тағамды
дайындау уақытын ұзартып, температураны сәл азайтқан дұрыс. Тұмшапешпен бірге жеткізілетін
қосалқы керек-жарақтармен қатар, өте жоғары температураларға төзімді болып келетін пісіруге
арналған ыдыс-аяқты және қалыптарды ғана қолдануды ұсынамыз.
1.4 Орнату
Өндірушілер тұмшапешті орнатуға міндетті емес. Егер тиіссіз орнатумен туындаған ақауларды жоюға
негізделетін өндірушінің көмегі керек болса, мұндай көмек кепілдіктің әрекетіне кірмейді. Кәсіби
білікті мамандардың қолдануына арналған орнату жөніндегі нұсқаулықтарды орындау маңызды
болып табылады. Тұмшапешті тиіссіз орнату мүлікке зақым келтіруі немесе адамдарды, жануарларды
жарақаттауы мүмкін. Өндіруші мұндай залал немесе жарақат үшін жауапкершілік тарта
алмайды.Тұмшапеш жоғарғы бағананың үстінде немесе үстелдің үстіңгі тақтайының астында
орналасуы мүмкін. Шкафты бекітудің алдында ішкі бөлшектерді салқындатуға және қорғауға қажетті
таза ауаның тиісті айналымына кепілдік беру үшін, оның ішінде тиісті желдетуді қамтамасыз еткен жөн.
Бекіту типіне сәйкес келетін соңғы бетте көрсетілген тесіктер жасау.
1.5 Қалдықтарды жою жəне қайта өңдеу, қоршаған ортаны қорғау
Осы құрылғы электрлік және электрондық аспаптарға қатысты 2012/19/ЕС еуропалық
директивасына (WEEE директивасы) сәйкес келетін таңбаламаға ие. Электрлік және
электрондық аспаптар ластайтын заттарды (қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін) да,
негізгі элементтерді де (қайтадан қолданылуы мүмкін) қамтиды. Атап өтетіні, мұндай
аспаптар арнайы қайта өңдеуден өтеді, оның барысында ластаушылар тиісті түрде
жойылады және кәдеге жаратылады, ал барлық материалдар қалпына келтіріледі. Бөлек
тұлғалар электрлік және электрондық аспаптар қоршаған ортаға қауіп төндірмеуі үшін
маңызды рөл атқаруы мүмкін. Бұл үшін бірнеше негізгі қағидаларды сақтау маңызды:
- Электрлік және электрондық аспаптардың қалдықтарын әдепкі қалдықтар ретінде қайта өңдеуге
тыйым салынған;
- ЭЭА қалалық кеңес немесе тіркелген компания басқаратын қалдықтарды жинауға арналған жерлерге
орналастырылуы тиіс.
Көптеген елдерде ірі ЭЭА қалдықтары тұрмыстық қалдықтарды жинау орындарына орналастырылуы
мүмкін.Жаңа құрылғыны сатып алған кезде ескі аспапты сатушыға қайтару қажет, мұндай құрылғының
типі және оның атқарымдары сатып алынған құрылғының типіне және атқарымдарына ұқсас болған
жағдайда, сатушы оны берік емес ретінде төлемді төлетусіз қабылдауы тиіс.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОҒАН ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ
Мүмкіндік болса, тұмшапешті алдын ала қыздыруды болдырмау және тағам ішінде болған кезде
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тұмшапешті қуат көзіне қосудың алдында, білікті электршіден қуат көзін жерге тұйықтау қысқышының
тұтастығын тексеруін сұрау керек. Өндіруші тұмшапешті жерге тұйықтау қысқышына дұрыс емес қосу
немесе тұтастығы бұзылған жерге тұйықтау үшін туындаған кез келген жазатайым оқиғалар немесе басқа
ақаулықтар үшін жауапкершілік тартпайды.
ЕСКЕРТПЕ: тұмшапешке техникалық қызмет көрсету керек болғандықтан, ол орнатылған кеңістіктен
алынып тасталған жағдайда пешті қосу үшін басқа штепсельді розетканың болуын қамтамасыз ету
ұсынылады. Электр қуатының кабелін тек қана техникалық қызмет қызметкерлері немесе тиісті біліктілігі
бар техникалық мамандар ауыстыруы тиіс.
KZ 22

Содержание

Скачать