Haier HDWE10-292RU [51/146] Қауіпсіздік жəне ескертулер

Haier HDWE10-292RU [51/146] Қауіпсіздік жəне ескертулер
49
Қауіпсіздік жəне ескертулер
Сіздің ыдыс жуатын машина қарапайым ыдыс жуу процедуралары кезінде
қауіпсіз жұмыс істеу үшін арнайы əзірленген. Өтінеміз, ыдыс жуғыш машинаны
қолдану кезінде келесі нұсқаулықтарды есіңізде сақтаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Электр тогымен зақымдану қаупі
Ыдыс жуатын машинаны орнату алдында үйдегі сақтандырғышты шешіңіз
немесе автоматтық сөндіргішті ашыңыз. Құрал жерге тұйықталған болуы тиіс.
Ақау туындағанда немесе сынған жағдайда эерге тұйықтау электрлік токпен
зақымдану қауіпін төмендетеді, сол арқылы электрлік ток үшін кедергіні азайту
жолын қамтамасыз етеді. Бұл аспап құралдың сымын жерге тұйықтайтын
шнуры мен жерге тұйықтау вилкасымен жабдықталған. Вилка барлық жергілікті
нормаларға жəне ережелерге сəйкес орнатылған жəне жерге тұйықталған
сəйкес розеткаға қойылған.
Ескерту - құралды-жерге тұйықтау сымын дұрыс қоспау электрлік токпен
зақымдану қаупіне əкелуі мүмкін. Егер сізде құралдың дұрыс тұйықталғанына
қатысты күдік бар болса, білікті электрикке немесе сервистік қызмет өкіліне
жүгініңіз
Құралмен бірге жеткізілетін қуат көзі блогының вилкасын ауыстырмаңыз, - егер ол
розеткаға сəйкес келмесе, білікті электрикке сəйкес розетканы орнатуды өтініңіз.
Ұзартқыш, адаптер вилкасын немесе бірнеше розетканы пайдаланбаңыз.
Бұл ережені орындамау электр тогының соғуына немесе өлімге əкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Жаралану Қаупі
Абай болыңыз - панель ернеуі өткір.
Сақтық шараларын сақтамау жарақат алуға немесе кесуге əкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Ыдыс жуатын машинаны пайдалану кезінде негізгі сақтық
шараларын сақтаңыз:
Ыдыс жуатын машинаны пайдалану алдында барлық нұсқаулықты оқыңыз.
Бұл нұсқаулықтағы ақпарат өрт немесе жарылыс қаупін азайту үшін, сонымен
қатар мүліктің зақымдануы, жарақаттану немесе адамдардың өлуінің алдын алу
үшін сақталуы тиіс.
Ыдыс жуатын машинаны осы пайдаланушы нұсқаулығында сипатталғандай
тек тағайындалуы бойынша пайдаланыңыз.
Бұл құрылғы үйде жəне сол сияқты мақсаттарда қолдануға арналған:
- дүкендердегі, кеңселердегі жəне басқа да жұмыс ғимараттарындағы
персоналдарға арналған ас үй бөлмелері;
- фермерлік үйлер;
- клиентами в гостиницах, мотелях и других жилых помещениях; қонақ үй,
мотель жəне басқа да тұрғын жайлардағы клиенттерге;
- «төсек пен таңғы ас» түріндегі орталар.

Содержание

Похожие устройства

Скачать