Toshiba GR-RB449WE-PMJ(06) [54/167] Ақаулықтарды жою

Toshiba GR-RB449WE-PMJ(06) [54/167] Ақаулықтарды жою
23
5.
Ақаулықтарды жою
Келесі қарапайым ақауларды өзіңіз шешіп көріңіз. Ол мәселелерді шеше
алмасаңыз, сату бөліміне хабарласыңыз.
Жағдай Ықтимал себебі / тексерілетін бөліктер
Жұмыс істемейді Құрылғының қуат көзіне қосылып тұрғанын немесе қуат ашасы
розеткаға дұрыс сұғылғанын тексеріңіз.
Кернеудің тым төмен деңгейде еместігін тексеріңіз.
Электр қуаты бар-жоғын немесе жартылай тізбектердің өшіп
қалмауын тексеріңіз.
Иіс Иісті тағамдар дұрыстап қапталуы тиіс.
Бұзылған тамақ бар-жоғын тексеріңіз.
Тоңазытқыштың ішін тазалаңыз.
Компрессордың
ұзақ уақыт
жұмыс істеуі
Жазғы мезгілде бөлме температурасы жоғары болғанда
тоңазытқыштың ұзақ уақыт белсенді жұмыс істеуі, бұл қалыпты
жағдай.
Бір уақыт мезгілінде құрылғы ішінде тым көп тағам сақталуы
ұсынылмайды.
Құрылғыға салмас бұрын тағам салқын күйде болуы тиіс.
Құрылғының есіктері тым жиі ашылады.
Шамның ақауы Тоңазытқыш қуат көзіне қосылып тұрғанын және жарықты беретін
шамның зақымдалуы бар-жоғын тексеріңіз.
Жарықты маман көмегімен ауыстырыңыз.
Есік
жабылмайды
Есіктер тағам қаптамаларымен қыстырылып қалған.
Тым көп тағам салынған. Тоңазытқыш қисайып тұр.
Қатты шуыл
шығады
Еденнің тегістігін және тоңазытқыштың қозғалмайтынын тексеріңіз.
Керек-жарақтар тиісті орындарда екенін тексеріңіз.
Есік
тығыздағышы
дұрыс
орнатылмаған
Есік тығыздағышының қуыстарынан бөгде заттарды алыңыз, Есіктің
тығыздағышын қалпына келтіру үшін алдымен қыздырып, одан кейін
суытыңыз. (немесе оны қыздыру үшін электрлік кептіргішпен үрлеңіз
не ыстық орамалды қолданыңыз)
Су жинау
ыдысынан
сұйықтық артып
төгілуде
Қатыру камерасында сақтауға қойылған тағам мөлшері көп немесе
сақталатын тағамда су мөлшері тым көп, бұл жібітуді қиындатады.
Есіктер дұрыс жабылмаған, нәтижесінде ауа кіріп, қырау қатып,
еріген су мөлшері көбейген.
Шкаф корпусы
қызған
Кірістірілген конденсатор шкафы арқылы жылу шығарады, бұл –
қалыпты жағдай. Егер шкаф бөлмедегі температураның жоғары
болуына, тым көп тағам салынуына немесе компрессордың жұмысы
тоқтатылуына байланысты қызған жағдайда. Жылудың таралуын
оңайлату үшін тұрақты желдетуді қамтамасыз етіңіз.
Беткі
конденсация
Тоңазытқыштың сыртқы бетіндегі және есік тығыздағыштарындағы
конденсация бөлмедегі ылғалдылық тым жоғары болған кезде, бұл
қалыпты жағдай.
Конденсат суын таза шүберекпен сүртіңіз.
Қалыптан тыс
шуыл
Ызылдау: Компрессор жұмысы кезінде ызылдаған дыбыс шығаруы
мүмкін, бұл ызылдаған дыбыстар әсіресе іске қосылу немесе тоқтату
кезінде қатты шығады, бұл қалыпты жағдай.
Сықырлау: Құрылғының ішінде ағып жатқан салқындатқыш сұйықтық
сықырлаған дыбыс шығаруы мүмкін, бұл – қалыпты жағдай.

Содержание

Похожие устройства

Скачать