KRAFT Technology TCH-HDD8587SW [65/80] Да кептіру уақыты көрсетіледі 30 60 90 120 150 180 210 240 тиісті кептіру уақытын таңдап уақыт бойынша кептіру режиміне кіріңіз содан кейін бастаукідірту старт п...

KRAFT Technology TCH-HDD8587SW [65/80] Да кептіру уақыты көрсетіледі 30 60 90 120 150 180 210 240 тиісті кептіру уақытын таңдап уақыт бойынша кептіру режиміне кіріңіз содан кейін бастаукідірту старт пауза батырмасын басыңыз машина жуу кептіру бағдарламасын орындай ба стайды кептіру бағдарламасы жуу бағдарламасының соңында автоматты түрде қосылады
65
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
АВТОМАТТЫ КІР ЖУҒЫШ МАШИНА
Шаю және сығу 8 5
бұл бағдарлама сіздің кірді бөлек жуып алып, соңынан
ұсынылатын әдепкі мәндегі жылдамдықпен сығуды қалаған
кезіңізде қолданылады
О
Сығу 8 5
сығуға арналған бөлек бағдарлама. Кір жуатын машинаның
багынан су ағызылып, содан кейін киім сығылады.
Барабанды
тазарту
85 барабанды кір мен бактериялардан тазартады.
"K-СМАРТ" 40 5
бұл функция кірдің салмағын анықтайды және зияткерлік
жууды жүзеге асыру үшін әртүрлі жуу уақыты мен
температурасын үйлестіре алады.
Г / П О
Г - гель / сұйық жуғыш құрал; O -опциясына қарай; П - ұнтақты жуғыш зат; — - пайдаланылмайды.
КЕПТІРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Жуу + Кептіру» бағдарламасын орнату
Кір жуатын машинаға киімдерді салып, есігін жауып, бағдарламашының тұтқасын
қажетті жуу бағдарламасына қарай бұраңыз («Кептіру» бағдарламасынан басқа).
Әрі қарай «Кептіру» батырмасын басып, кептіру режимдерінің бірін таңдаңыз:
Автоматты түрде кептіру: дисплейде «Auto» белгісі жанғанша «Кептіру» батырмасын
басып тұрыңыз. Автоматты кептіру режимі іске қосылады, кептіру уақыты киімнің
мөлшері мен ылғалдылығына сәйкес автоматты түрде реттеледі.
Уақыт бойынша кептіру: «Кептіру» батырмасын басыңыз, цифрлық дисплей экранын-
да кептіру уақыты көрсетіледі (30-60-90-120-150-180-210-240). Тиісті кептіру уақытын
таңдап, уақыт бойынша кептіру режиміне кіріңіз. Содан кейін «БастауКідірту» тарт/
Пауза) батырмасын басыңыз, машина Жуу + Кептіру бағдарламасын орындай ба-
стайды, кептіру бағдарламасы жуу бағдарламасының соңында автоматты түрде
қосылады.
«Кептіру» бағдарламасын орнату
«Кептіру» бағдарламасы мақта киімдерін кептіруге үйлеседі. Пішінін жоғалтатын
немесе кішірейіп кетуі мүмкін киімді құрғатпаңыз. Кептіру бағдарламасын орнатпас
бұрын, кептірілген кір үшін бір сығу циклын орындау ұсынылады.
Алдымен кірді барабанға салып, есігін жауып, «Кептіру» бағдарламасын таңдау
үшін бағдарламашы тұтқасын бұраңыз, содан кейін Автокептіру немесе Уақыт
бойынша кептіру режимдерін таңдау үшін Кептіру батырмасын басыңыз (жоғарыда
сипатталғандай).
Содан кейін бағдарламаны іске қосу үшін «Бастау/Кідірту» (Старт/Пауза) батыр-
масын басыңыз.
«Мамық күртені кептіру» бағдарламасын орнату
Мамық күртелерді кептіру үшін «Жуу + Кептіру» бағдарламасын пайдалану қажет.
«Мамық күрте + Автоматты кептіру (Auto) режимі» бағдарламасын таңдаңыз. Жақсы
кептіру әсеріне қол жеткізу үшін мамық күртені бір рет қана кептіру ұсынылады.
«Кептіру» режимі мамық күртені кептіруге жарамайды.
Сақтық шаралары:
Егер киімде ылғал тым көп болса, машина кептіру уақытын автоматты түрде
көбейтеді. Егер дисплейде «0:20» мәні ұзақ уақыт көрсетілсе, бұл қалыпты жағдай.
Кептіру бағдарламасын орындау кезінде кран қосулы болуы тиіс, өйткені кептіру
бағдарламасы кезінде су салқындату және құрғату үшін қажет.
Максималды кептіру уақыты режимге байланысты белгіленеді.
Шамадан тыс кептіру салдарынан киімнің қыржықталуына жол бермеу үшін алдымен
кептіру уақыты азғана мәнге белгіленеді, содан кейін қажет болған жағдайда уақыт
қосылады.

Содержание

Скачать