KRAFT Technology TCH-HDD8587SW [67/80] Тазалау және қызмет көрсету

KRAFT Technology TCH-HDD8587SW [67/80] Тазалау және қызмет көрсету
67
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
АВТОМАТТЫ КІР ЖУҒЫШ МАШИНА
жуу кезінде машина автотеңгерімнің болмауына байланысты сығу процесін аяқтай
алмауы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін ірі және шағын киімдерді мүмкіндігінше бірге
жиі жуып, біркелкі тарату процесін жеңілдетіп, сығу процесінің дұрыс аяқталуына
мүмкіндік беру қажет.
«Ауамен жуу» функциясы.
Бұл бағдарлама киімдегі шаңды кетіруге, оны тегістеуге, жағымсыз иістерден
құтылуға мүмкіндік береді.
Желдеткіштің және циркуляциялық ауа өткізгіш көмегімен жоғары қысымды
барабанға жоғары температуралы ауа ағыны беріледі, күшті ауа ағыны жасала-
ды, соның арқасында мата талшықтары толығымен түзуленіп, киім бастапқы
жұмсақтығы мен икемділігіне ие болады. Бұл жағдайда киім шаң мен қылшықтардан
тазаланып, қыржықталған жерлері тегістеледі, жағымсыз иісі кетеді, киімнің
бұрынғы өңі қалпына келеді.
«Ауамен жуу» функциясы костюмдер, мақта бұйымдары, жүн және басқа да киім-
дер үшін жарамды. Жаңа киімге тамақтың иісі сіңіп қалған болса, сондай-ақ шағын
төсек-орын заттарын жаңалау үшін «Ауамен жуу» циклын пайдалануға болады.
Ауамен тазартылған киім басқа тәсілдермен өңделген киіммен салыстырғанда
айтарлықтай жақсы тазарады оның бойында химиялық заттардың іздері қалмайды,
жұмсарады, киім ұзақ киіледі, пішінін жоғалтпайды және өңдеу нәтижесінде
түссізденбейді, мата талшықтарының тозу жылдамдығы айтарлықтай төмендейді.
Қорғау
Сығу кезінде киім барабан ішінде дұрыс таралмауы мүмкін. Машина сығу кезінде
киімді автоматты түрде қайта бөлу функциясымен жабдықталған, содан кейін сығу
бағдарламасы жалғастырылады.
Егер киімді қайта бөлудің (сілкілеудің) автоматты функциясын орындалғаннан кейін
киім қажетті түрде таралмаса, онда кір жуғыш машинаның дірілінің артуына жол бер-
меу үшін сығу жылдамдығы төмендетіледі.
Машинаға салынған кір киім көлемі тым аз болған жағдайда (1 кг-нан аз), сығу режимі
автоматты түрде күшін жоюы мүмкін. Киім саны аз мөлшеріне болуына байланысты
жоғары жылдамдықпен сығу шамадан тыс діріл тудыруы және машинаның сынуына
әкелуі мүмкін.
Кірді қайта бөлу (сілкілеу) қажеттілігі жуу бағдарламасын орындау ды ұзарта түседі.
Aquastop функциясы.
Aquastop функциясы ішкі негіздегі судың ағып кетуін анықтайды, жұмысын
тоқтатады және барабан арқылы асып кетпеуі және кір жуғыш машинадан төгілмеуі
үшін суды автоматты түрде сорып шығарады.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Кір жуатын машинаның және есік тығыздағышының тазалығын қадағалаңыз.
Жуар алдында оны электр желісінен ажыратыңыз!
1. Кір жуатын машинаның корпусының сыртын сұйық жуғыш құрал араластырылған
жылы суға батырылған таза шүберекпен сүртуге болады. Сосын құрғақ сүлгімен
әбден құрғату қажет.
2. Машинаның бетін сызып тастауы мүмкін өткір металл қырғыштарды, жебір және
абразивті тазартқыш құралдарды пайдаланбаңыз.
3. Жоғары қысымды тазартқышты немесе бу ағынын пайдаланбаңыз, өйткені ішіне өтіп

Содержание

Скачать