Bosch Serie 4 DWK65AJ80R [13/32] Жалпақ каналдар

Bosch Serie 4 DWK65AJ80R [13/32] Жалпақ каналдар
Монтаждау нұсқаулығы kk
13
12.6 Электр желісіне жалғауға қатысты
нұсқаулар
Құралды электр желісіне қауіпсіз жалғау үшін,
берілген нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТУ‒Электрик тоқ соғу қатері бар!
Құрылғыны тоқ желісінен ажырату кез келген уақытта
мүмкін болуы қажет. Бұл құрылғыны желіге тек дұрыс
орнатылған тұйықтағыш контакт арқылы ғана қосуға
болады.
Құрылғыны орнатқан соң желіге қосу кабелінің
ашасы қолжетімді болуы тиіс.
Егер құрылғыны орнатқан соң ол қол жетпейтін
күйде қалса, монтаж ережелеріне сәйкес және тоқ
күші артуының ІІІ категориясына сәйкес,
қозғалмайтындай етіп орнатылған электр
жабдығына барлық полюстерді ажырататын
арнайы ажыратқышты орнату керек.
Қозғалмайтындай етіп орнатылған электр
жабдығын қосуды тек білікті электрик маман
орындауы керек. Біз қауіпсіздік мақсатындағы
өшіргішті (УЗО) құрылғыларды электрлік
жабдықтау тізбегіне орнатуды ұсынамыз.
Құрылғының ішіндегі жиектері өткір бөлшектер
желілік кабельді зақымдауы мүмкін.
Желілік кабельдің қысылып және бүгіліп қалмауын
қадағалаңыз.
¡ Қосылым параметрлері тұрпаттық тақтайшада
келтірілген. →
Бет10
¡ Желі сымының ұзындығы шамамен - 1,30м.
¡ Бұл құрал ЕО-тың радиобөгеулерді басу туралы
ережелерінің талаптарына сай келеді.
¡ Құрал I қорғау класына сәйкес келеді, сондықтан
ол тек жерге тұйықтағыш сыммен бірге
қолданылуы тиіс.
¡ Құралды орнату барысында оны қорек көзіне
жалғамаңыз.
¡ Құрылғыны орнату барысында оның тиіп кетуден
сақтандырылғанына көз жеткізіңіз.
12.7 Кез келген орнату нұсқасына
арналған нұсқаулар
¡ Берілген құрылғыны асүйдің қабырғасына
орнатыңыз.
¡ Қосымша керек-жарақтарды орнату кезінде
берілген орнату нұсқауларын орындаңыз.
¡ Құрылғыны дәл баған түріндегі шкафтың немесе
қабырғаның жанына бір жағынан орналастыруға
болады. Баған түріндегі шкафтан немесе
қабырғадан бергі қашықтық 50 мм-ден кем
болмауы тиіс.
¡ Сорғыштың ені конфорканың енінен кем емес болу
керек.
¡ Асүй буларының тиімді жұтылуы үшін, құрылғы
пісіру панелінің ортасына қарай орнатылуы тиіс.
12.8 Ауа бұруға қатысты нұсқаулар
Құрылғы өндірушісі ауа бұруға арналған құбыр
желісінің аудандарына қатысты арыздар туындаған
жағдайда, оған кепілдік бермейді.
¡ Барынша диаметрі үлкен, қысқа әрі түзу сорғыш
құбырды пайдаланыңыз.
¡ Ұзын да кедір-бұдыр сорғыш құбырлар, иіндердің
тым көп болуы немесе диаметрі кішкентай
құбырлар ауа сору құбырының қуатын төмендетеді
әрі желдеткіш жұмысының шуын арттырады.
¡ Тұтанбайтын материалдардан жасалған ауа сору
құбырларын пайдаланыңыз.
¡ Конденсаттың қайтып келуін болдырмас үшін, ауа
сору құбырын құрылғыға қарай 1° бұрышқа
орналастырыңыз.
Жалпақ каналдар
Ішкі қимасы дөңгелек құбырлардың диаметріне
сәйкес келетін жазық ауа өткізгіштерді
пайдаланыңыз:
¡ 150мм диаметр шамамен 177cm²-ге сәйкес
келеді.
¡ 120мм диаметр шамамен 113cm²-ге сәйкес
келеді.
¡ Құбырлардың диаметрі сәйкес келмесе,
саңылаусыздандыратын таспаны пайдаланыңыз.
¡ Өткір бұрыштары бар жазық ауа өткізгіштерді
пайдаланбаңыз.
Дөңгелек құбырлар
Дөңгелек құбырлардың ұсынылатын ішкі диаметрі —
150мм, бірақ 120мм-ден кем болмауы тиіс.
12.9 Ауа тарту жұмысына арналған
нұсқаулар
Желдету жүйесінде кері қысым жапқышын орнату
қажет.
Жазбалар
¡ Құрылғының жинағында кері қысым жапқышы жоқ
болса оны маманданған дүкенде сатып алу
мүмкін.
¡ Егер сорылған ауа тікелей сыртқа жіберілсе, онда
қабырға саңылауы телескоптық желдеткіш
каналымен жабдықталған болу керек.
12.10 Айналымдағы ауа режимін
пайдалану нұсқаулығы
Құрылғыны тек бекем орнатылған күйде және
қосылған құбырлармен пайдалануға болады.
12.11 Орнату
Қабырғаны тексеру
1.
Қабырғаның тік екендігін және жеткілікті жүк
көтергіштігін тексеріңіз.
Құрылғының максималды салмағы 16кг.
2.
Бұранданың ұзындығына сәйкес келетін
тереңдікке ойық кесіңіз.
Дюбельдер бекем тұруы керек.
Жинақтағы бұрандалар мен дюбельдер массивты
қабырға үшін пайдалану мүмкін.
Конструкциялардың басқа түрлері үшін (мысалы,
гипсокартон, газдалған бетон, кеуекті
керамикалық кірпіш) тиісті бекіту материалдарын
пайдалану қажет.
Қабырғаны дайындау
1.
Саңылауды бұрғылау аймағында ешқандай электр
сымдары, газ немесе су құбырлары жоқтығына
көз жеткізіңіз.

Содержание

Скачать