Darina PL EI523 B [43/73] Бөлім ықтимал қауіптер

Darina PL EI523 B [43/73] Бөлім ықтимал қауіптер
42
Кіріспе
Cізге осы аспапты таңдағаныңыз үшін алғыс айтамыз.
Аспап дұрыс орнатылған және техникалық қызмет көрсетілген кезде ол қиналмай
көптеген жылдар бойы пайдалануға есептелген.
Өтінеміз, аспапты орнату немесе пайдалану алдында осы нұсқаулықты мұқият
оқып шығыңыз. Кейін пайдалану үшін осы нұсқаулықпен бірге сіз сатып алған
затқа арналған түбіртекті және орнату бойынша жұмыстар төлеміне арналған
түбіртекті сақтаған жөн. Құжатта сізге барлық қол жетімді функцияларды толық
шамада пайдалануға мүмкіндік беретін нұсқаулармен және ұсыныстармен қатар,
қауіпсіздік техникасы бойынша маңызды ақпарат бар.
Осы аспап әрекетті ережелерге сәйкес орнатылып, жалғануы тиіс.
Сатып алу кезінде қаптаманы шешіп, индукциялық пісіру панелінің (ары
қарай мәтін бойынша аспап) зақымдалмағандығына,
жинақталғандығына, және сауда ұйымының ГО 01-08 кепілдікті
міндеттемелерінде «Сату туралы куәлік» пен кепілдікті талондардың
дұрыс толтырылғандығына көз жеткізіңіз.
1 бөлім. Ықтимал қауіптер
Сіздің қауіпсіздік біз үшін маңызды. Өтінеміз, пісіру панелін пайдаланбас бұрын
келтірілген ақпаратты оқып шығыңыз.
Орнату
Электр тоғына ұшырау қаупі
Аспапқа қатысты қандай да бір жөндеу жұмыстарын немесе техникалық қызмет
көрсету бойынша жұмыстарды орындау алдында аспапты электр желісінен
сөндіріңіз.
Аспапты міндетті түрде жарамды жерге тұйықтау желісіне жалғау керек.
Таңбалауы бар электр қауіпсіздігінің 2-сыныпты құрылғылары үшін
құрылғыны және жерге қосу жүйесін қосу қажет емес, жерге қосу сымы жоқ.
Ішкі (үй) желі жүйесіне өзгерістерді тек білікті электрші енгізу керек.
Осы ұсыныстардың сақталмауы электр тоғына ұшырау немесе өлім жағдайына
алып келуі мүмкін.
Пайдалану және қызмет көрсету
Электр тоғына ұшырау қаупі
Сынған немесе зақымдалған пісіру панелінде ас әзірлемеңіз. Егер панель беті
сынса, немесе онда жарықтар пайда болса, дереу аспапты электр желісінен
сөндіріп, білікті маманға жүгініңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать