Darina PL EI523 B [49/73] Бөлім пайдалану

Darina PL EI523 B [49/73] Бөлім пайдалану
48
3 бөлім. Пайдалану
Ыдыстар таңдау бойынша кеңестер
Тек индукциялық пісіру панелімен пайдалану үшін
жарамды түбі бар ыдысты пайдаланыңыз.
Қаптамада немесе ыдыс түбінде индукция таңбасын
іздеңіз.
Сіз ыдыс жарамдылығын магнитпен тексере аласыз.
Ыдыс негізіне магнитті жақындатыңыз. Егер ол тартылса,
ыдыс индукциялық панель үшін жарамды.
Егер сізде магнит болмаса:
1. Тексергіңіз келетін кәстрөлге шамалы су құйыңыз.
2. Егер дисплейде таңбасы жыпылықтаса, және су қызса, демек ыдыс
жарамды.
Келесі материалдардан жасалған асүй ыдысы жарамсыз: қарапайым тот
баспайтын болат, магнитті негізі жоқ алюминий немесе мыс, шыны, ағаш,
фарфор, керамика, фаянс және саз.
Жиектері тегіс емес және түбі иілген ыдыстарды пайдаланбаңыз.
Ыдыс бетінің түбі тегіс екендігіне, шыныға тығыз жанасатындығына, ал түбінің
диаметрі пісіру аймағының диаметірмен сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Әрқашан ыдысты пісіру аймағының ортасына қойыңыз.
Әрқашан ыдысты пісіру бетінің үстіне көтеріңіз, оны бет бойынша қозғалтпаңыз,
ыдыс шыныны сыруы мүмкін.
Ыдыс өлшемдері
Пісіру аймақтары ыдыс диаметріне байланысты автоматты анықталатын әрекет
ету аймағына ие. Алайда ыдыс түбінің диаметрі кем дегенде таңдалған пісіру
аймағына сәйкес келу керек. Пісіру панелін барынша тиімді пайдалану үшін
ыдысты пісіру аймағының ортасында орналастырыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать