Darina PL EI523 B Руководство по эксплуатации онлайн [45/73] 793491

Darina PL EI523 B Руководство по эксплуатации онлайн [45/73] 793491
44
Қауіпсіздік бойынша маңызды нұсқаулар
Ешқашан жұмыс жасап тұрған аспапты қараусыз қалдырмаңыз. Сұйықтықтың
қайнап кетуі, майлы өнімдердің аспап бетіне төгілуі түтінденуге себепші болуы
мүмкін тұтануға алып келуі мүмкін.
Ешқашан аспапты жұмысқа немесе бірнәрсе сақтауға арналған бет ретінде
пайдаланбаңыз.
Ешқашан аспапта қандай да бір заттар немесе ыдыстар қалдырмаңыз.
Ешқашан аспапты орынжай жылытқышы ретінде қалдырмаңыз.
Пайдаланғаннан кейін әрқашан, осы нұсқаулықта сипатталғандай, пісіру
аймағын және пісіру панелін сөндіріңіз (яғни басқару панелі көмегімен).
Балаларға аспаппен ойнауға, аспапқа мінуге, оған отыруға немесе тұруға рұқсат
етпеңіз.
Балаларды қызықтыратын заттарды аспап үстіндегі шкафтарда сақтамаңыз.
Аспапқа мінген кезде, балалар ауыр жарақаттануы мүмкін.
Балаларды аспап жұмыс жасап тұрған орынжайда қараусыз қалдырмаңыз.
Балалардың немесе аспапты пайдалануды қиындататын мүмкіндіктері шектеулі
тұлғалардың жанында пайдалану бойынша нұсқамалық жүргізу үшін жауапты
тұлға болу керек. Нұсқамалық беруші тұлға олардың аспапты өзі немесе
айналасындағылар үшін қауіп төндірусіз пайдалана алатындығына көз жеткізу
керек.
Егер осы нұсқаулықта арнайы ұсыныстар көрсетілмесе, аспапты жөндеу немесе
ауыстыру бойынша қандай да бір жұмыстар жүргізуге тыйым салынады.
Барлық басқа қызмет көрсету түрлері білікті маманмен орындалу керек.
Пісіру панелін тазарту үшін булы тазартқышты пайдаланбаңыз.
Ауыр заттарды пісіру панеліне қоймаңыз және құлатпаңыз.
Пісіру панеліне тұрмаңыз.
Жиектері тегіс емес ыдыстарды пайдаланбаңыз және ыдыстарды панель беті
бойынша жылжытпаңыз, себебі бұл шыныда сырылудың пайда болуына алып
келуі мүмкін.
Пісіру панелін тазарту үшін металл жөкелер, шөткелер немесе кез келген басқа
қатты абразивті тазарту құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар шыныны
сыруы мүмкін.
Егер желілік сым зақымдалған болса, қауіптің туындауына жол бермеу үшін оны
аспап өндірушісі, сервис қызметінің өкілі немесе сәйкес біліктілігі бар маман
ауыстыру керек.
Осы аспап тұрмыста және ұқсас жағдайларда, мысалы, дүкендер, кеңселер
және басқа мекемелер қызметкерлеріне арналған тамақтану бөлмелерінде;
фермерлік үйлерде, қонақүйлер және адамдар уақытша тұратын басқа жерлер
тұрғындарына арналған асүйлерде пайдалану үшін арналған.

Содержание

Похожие устройства

Скачать