Darina PL EI523 B Руководство по эксплуатации онлайн [53/73] 793491

Darina PL EI523 B Руководство по эксплуатации онлайн [53/73] 793491
52
Автосөндіру
Осы индукциялық панельдің қауіпсіздік функцияларының бірі автоматты сөндіру
болып табылады. Егер сіз пісіру панелін сөндіруді ұмыт қалдырсаңыз, осы жағдай
орын алады. Ұйғарым бойынша сөндіруге дейінгі жұмыс ұзақтығы төменде
кестеде келтірілген:
Қуат деңгейі 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Ұйғарым бойынша жұмыс
уақыты, сағат
8 8 8 4 4 4 2 2 2
Таймер
Сіз таймерді екі әр түрлі әдіспен пайдалана аласыз:
Тәуелсіз таймер ретінде пайдалану. Осы жағдайда бекітілген уақыт
аяқталғаннан кейін ол пісіру аймағын сөндірмейді.
Бекітілген уақыт аяқталғаннан кейін бір немесе бірнеше пісіру аймағын сөндіру
үшін пайдалану.
Таймерде 99 минут шектерінде уақытты бекітуге болады.
Тәуелсіз таймер
Егер пісіру аймақтарының ешқайсысы таңдалмаса
1. Пісіру панелінің қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
Ескертпе: Тіпті егер пісіру аймақтарының ешқайсысы таңдалмаса да, Сіз
таймерді пайдалана аласыз.
2. Таймер батырмасын басыңыз, таймер дисплейінде «30»
көрсетіледі.
3. «-» немесе «+» батырмалары көмегімен таймер мәнін орнатыңыз.
Кеңес: Мәнді 1 минутқа азайту немесе арттыру үшін «-» немесе «+»
батырмасын бір рет басыңыз.
Мәнді 10 минутқа азайту немесе арттыру үшін «-» немесе «+»
батырмасын басылған күйде ұстап тұрыңыз.
99 минуттан астам уақытты орнатуға талпынған кезде, 0 минутқа автоматты
қайтару орын алады.
4. Таймерді қайтару үшін «-» батырмасын бекітілген мән 0 дейін азайғанға дейін
басыңыз, дисплейде «00» көрсетіледі.

Содержание

Похожие устройства

Скачать