Brayer BR2031 [53/56] Жиынақталымы

Brayer BR2031 [53/56] Жиынақталымы
53KZ
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Әр қолданғаннан кейін аэрогрилді тазалаңыз.
Аэрогрилді өшіріп, қуат сымының ашасын
розеткадан суырып алыңыз, аэрогрильдің толық
салқындауын күтіңіз.
Аэрогрилдің бетін сәл дымқыл шүберекпен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
Тұтқаны (6) ұстап, табандықты (8) аэрогрилден
шығарып алыңыз (сур. 1).
Қауіпсіздік қақпағын (4) көтеріңіз, бекітпе батырма-
сын (5) басыңыз және себетті (7) табандықтан (8)
шығарып алыңыз (сур. 2).
Себетті (7) және табандықты (8) жылы сумен бей-
тарап жуғыш зат қосып жуып жіберіңіз, шайыңыз,
содан кейін құрғатып сүртіңіз.
Себетті (7) табандыққа (8) бекіткіш іске қосылғанға
дейін орнатыңыз (сур. 3).
Табандықты (8) себетпен (7) аэрогрилге орна-
тыңыз.
Аэрогрилдің корпусын және алмалы-салмалы
бөлшектерді тазалау үшін металл жөкелерді,
абразивті тазалау құралдарын немесе еріт-
кіштерді пайдалануға тыйым салынады.
Аэрогрильді, қуат сымын және қуат сымының аша-
сын суға немесе басқа кез-келген сұйықтықтарға
батырмаңыз.
САҚТАУ
Аэрогрилді сақтау үшін алып тастамас бұрын, оны
тазалаңыз.
Қуат сымын оны сақтауға арналған (10) бөлікке
салыңыз.
Құрылғыны балалар мен мүмкіндігі шектеулі
адамдардың қолы жетпейтін, салқын, құрғақ жерде
сақтаңыз
ЖИЫНАҚТАЛЫМЫ
1. Аэрогриль — 1 дана.
2. Нұсқаулық — 1 дана.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электр қуаттандыруы 220-240 В, ~ 50-60 Гц
Тұтынатын номиналды қуаты: 1400 Вт
Өнімдерді әзірлеуге арналған себеттің көлемі-3 литр
ПАЙДАҒА АСЫРУ
Қалдықтардың бақыланбай пайдаға асы-
руынан қоршаған ортаға немесе адамдар-
дың денсаулығына зиян келтірмеу үшін,
құралдың немесе қуаттандыру элемент-
терінің (егер жинақталымға кірсе) қызмет
ету мерзімі аяқталғаннан кейін оларды
әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз,
аспапты және қуаттандыру элементтерін одан әрі пай-
даға асыру үшін арнайы пункттерге жіберіңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать