KRAFT KM-297 [38/56] Қауіпсіздік талаптары

KRAFT KM-297 [38/56] Қауіпсіздік талаптары
38
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
МҰЗДАТҚЫШ ЛАРЬ
ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Сіздің қауіпсіздігіңіз және мұздатқыш ларьді дұрыс пайдалану мақсатында,
қолданар алдында берілген нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, сондай-ақ аспап-
ты тасымалдағаннан соң немесе сатқаннан кейін алушы оқу үшін оны сақтап
қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдаланбау оның бұзылуына алып келуі, пайдаланушыға
материалдық залал немесе денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.
Мұздатқыш ларь тек тұрмыстық жағдайларда немесе төменде көрсетілген
тұрмыстық жағдайларға жақын жағдайларда тамақ өнімдерін салқындатуға және
мұздатуға ғана арналған:
қоғамдық тамақтану орны;
дайын тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету;
көтерме және бөлшек саудаға ұқсас жағдайлар.
БАРЛЫҚ МОДЕЛЬДЕГІ МҰЗДАТҚЫШ ЛАРЬЛЕРДІ ОРЫНЖАЙДЫ САЛҚЫНДАТУ ҮШІН
ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Мұздатқыш ларьді арналуына сай пайдаланбау, орнату, пайдалану, тазалау
қағидаларын және қауіпсіздік шараларын бұзу, сондай-ақ температуралық шарт-
тарды сақтамау сізді кепілдіктік қызмет көрсету құқығынан айырады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты дұрыс пайдаланбау немесе сақтық
және қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан орын алған қандай да бір
бұзылушылықтар үшін шығарушы жауапкершілік алмайды.
Аспапты қаптамадан шығара отырып, оның бүтіндігіне және бүлінулердің
жоқтығына көз жеткізіңіз. Қаптама материалдарын балалардан алысқа
қойыңыз. Қаптаманы кәдеге дұрыс жаратыңыз.
Аталған аспап дене немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі адамдардың (соның
ішінде 8 жасқа дейінгі балалардың) пайдалануына, сондай-ақ қауіпсіздігіне
жауапты адамның бақылауынсыз аспапты қолдануға байланысты білімдері
мен тәжірибесі жеткіліксіз адамдардың пайдалануына арналмаған. Балалар
аспаптың бөлшектерімен ойнамау керек. Балалар аспапты күту және тазалауды
ересек адамдардың қадағалауынан тыс орындамау қажет.
Балалардың мұздатқыш ларьді пайдалануы тек ересектердің қадағалауымен
ғана мүмкін болады. Ларь пайдаланылмай тұрған кезде, балалардың оның ішіне
кіріп, есігін тарс жауып, ішінен кілттеніп қалмауын қадағалаңыз.
Аспапты алғаш рет (және одан соң) қосар алдында, бұзылулардың жоқтығын
және бұйымда көрсетілген техникалық сипаттамалардың электр желісінің
параметрлеріне сәйкес келетін-келмейтіндігін тексеріп шығыңыз.
Аспаптың немесе электр қуат беру баусымының қандай да бір бұзылулары болған
кезде, оны элект желісіне қоспаңыз. Тауарды сатып алған дүкенге бұзылулар ту-
ралы хабарлаңыз, сараптама және жөндеу үшін сервистік орталыққа жүгініңіз.
Оны өз бетіңізбен жөндеуге тырыспаңыз. Бұл жағдайда қаптаманы лақтырып
тастамаңыз.

Содержание

Скачать