Galaxy GL0322 серебристый/черный [13/22] 2011 техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі ке

Galaxy GL0322 серебристый/черный [13/22] 2011 техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі ке
KAZ
13
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
1 ЖАЛПЫ ДЕРЕКТЕР
GALAXY GL0322 электр шәйнегі (ары қарай – шәйнек, құрал, электр құралы,
құрылғы) үйде, кеңселерде, саяжайларда ішетін суды қайнатуға арналған
және қолайлы қолдануға барлық қажетті атқарымдармен жабдықталған.
Шәйнектің корпусы 18/10 экологиялық қауіпсіз тот баспайтын болаттан
орындалған. Шәйнектің 4,2 л көлемі тіпті ең үлкен компанияны да ыстық
сусынмен қуантады! Орталық түйіспемен қойғыш 360°-қа айналумен
қамтамасыз ете отырып, оған шәйнекті кез келген күйде қоюға мүмкіндік
береді. Аталған шәйнек үлгісінің қыздырғыш элементі жабық және түбінде
орналасқан. Ол үстінен тот баспайтын пластинамен жабылған, ол оны
қақтардан қорғайды, оған күтім жасауды жеңілдетеді және су қайнаған
кезде шуды төмендетеді.
Шәйнектің корпусы жиылмалы тұтқамен, ал шәйнектің шүмегі – шаңға
қарсы қорғаныш қақпақпен жабдықталған. Шәйнек су қайнаған кезде және
су жоқ кезде автоматты түрде сөнеді.
Аталған бұйым келесі талаптарға сәйкес болады: Кеден одағы
Комиссиясының 2011 жылдың 16 тамызындағы №768 Шешімімен бекітілген
ТР ТС 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Ке-
ден одағының техникалық регламентіне; Кеден одағы Комиссиясының
2011 жылдың 9 желтоқсанындағы №879 Шешімімен бекітілген ТР ТС
020/2011 «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі» Ке-
ден одағының техникалық регламентіне; Кеден одағының Техникалық
регламенті «Электрлік және радиоэлектрондық өнімдердегі қауіпті
заттардың қолданылуын шектеу туралы» КО ТР 037/2016.
Тауар сертификатталған.
2 ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
1 кесте
Параметрдің атауы Мәні
Көлемі 4,2 л
Электр қуат беру 220-240 В ~ 50 Гц
Тұтынылатын қуат 2200 Вт

Содержание

Скачать