Galaxy GL0322 серебристый/черный [19/22] Сақтау ережелері

Galaxy GL0322 серебристый/черный [19/22] Сақтау ережелері
KAZ
19
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бүлінулерге жол бермеу үшін бұйымды тек зауыттық қаптамада
тасымалдаңыз. Тасымалдаудан және бұйымды төмендетілген температурада
сақтаудан кейін оны бөлме температурасында кем дегенде екі сағаттай ұстау
қажет. Сақтаудың және қайтадан пайдаланудың алдында құралдың барлық
бөліктерін тазалаңыз және толықтай құрғатыңыз. Құралды құрғақ салқын
орында, +0-ден +40 °С-қа дейінгі температура кезінде және 80%-дан аспай-
тын ауаның салыстырмалы ылғалдылығында , балалар мен жануарларға
қолжетімсіз жерлерде сақтау ұсынылады. Бұйымды тасымалдау, тиеу, түсіру
және сақтау кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықта айтылғандардан
басқа, келесі талаптарды басшылыққа алу керек:
- бұйымның бүлінуіне және/немесе оның қаптамасы бүтіндігінің бұзылуына
әкеліп соқтыруы мүмкін әлеулі механикалық жүктемелерге бұйымды
ұшыратуға тыйым салынады;
- бұйымның қаптамасына судың және басқа да сұйықтықтардың тиіп кетуіне
жол бермеу қажет. Бұрын пайданудан болған бұйымды тасымалдаудың
немесе теріс температурада сақтауға берудің алдында бұйымда судың
жоқтығына көз жеткізу қажет. Бұйымның барлық беттері құрғақ болулары
керек. Бұйымды температураның елеулі айырмаларынан және күннің тікелей
сәулелерінің әсерінен қорғаңыз.
9.1 Кәдеге жарату
Электр құралдарын қате кәдеге жарату қоршаған ортаға орны толмас
зиян келтіреді. Ақаулы электр құралдарын тұрмыстық қалдықтармен
бірге лақтырмаңыз. Осы мақсаттар үшін электр құралдарын
мамандандырылған кәдеге жарату бекетіне жүгініңіз. Сіз электр
құралдарын қабылдау бекеттерінің мекенжайларын Сіздің қалаңыздағы
муниципалдық қызметтерден ала аласыз.

Содержание

Скачать